• USD: 412.55 (0.00)

  • EUR: 465.73 (0.00)

  • RUB: 5.79 (0.00)

Коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілуде

04.05.2020, 10:35 211 0

HALYQLINE.KZ –| Кеше Жосалы кентіндегі бірқатар нысандар мен балалар ойын алаңында және көшелерде дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Балалар ойын алаңдарындағы отырғыштар мен ойын алаңдары және жаттығу құралдары тазаланды.

Сонымен бірге Жосалы кенті мен қатар Төретам кентінде және Ақай ауылдық округтерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында дезинфекция жұмыстары атқарылды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мәлімдемесінде елімізде болған коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғаны белгілі.

Аудан тұрғындарына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын назарға алу мақсатында арнайы дауыс зорайтқыш құралдары орнатылған көліктермен сақтық шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіп келеді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: