Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделді

17.09.2020, 9:50 549

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кентіндегі Т.Айбергенов көшесі №10 көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдаған болатын.

Аудан орталығындағы осы көпқабатты үйдің тұрғындары көптен бері үйдің шатырын ауыстыру мәселесі көтеріліп жүрген болатын. Алайда бұл үйлерді жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылмайды. Себебі, бұл баспаналар жеке тұрғындарға тиесілі.

Осыған байланысты Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев туындаған мәселені демеушілік арқылы шешуді тапсырған болатын.

Бүгінгі күні көпқабатты тұрғын үйдің шатырын «Орион LTD» ЖШС демеушілік арқылы ауыстырып берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: