Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халің қалай, пошташы?

27.02.2020, 12:18 1181

Пошта дегенді естігенде хат жібе­ріп, хат қабылдап алатын қызмет ғана елестейді көз алдымызға. Алайда бүгін­де «Қазпошта» АҚ-ның ауқымы кеңейген, жұмысы сан алуан. Беріге дейін айшылық алыс жерлерден хабар алуда үлкен маңызға ие болған пошта бөлім­шелері ақпараттық ағым сәт сайын ауысып жатқан тұста қандай қызметке ие? Заманауи үлгіге сай жаңа қызмет түрлері қосылды дегенімізбен, халық арасын­да пошта қызметіне көңілі толмай­тындар жеткілікті. Әсіресе, жеке тұрғын секторларға хат, газет-журнал, хабарлама парақтарын жіберуде пошта қызметкерлерінің кешігуі болы­п жатады. Оның астарында бір емес, бірнеше әлеуметтік немесе қаржылық мәселе жатуы мүмкін. Мәселен, ел арасында пошташылардың айлығының аздығы жиі айтылады. Нарық қос бүйірден қыспаққа алып тұрған заманда аз айлық­пен өмір сүру контентін қалыптастыру да мүмкін емес. Сонымен Қызылорда облысындағы пошташы­лардың   хал-жағдайы  қандай?

ЖАЛАҚЫСЫНА   КӨҢІЛІ   ТОЛМАЙДЫ

Бұл мәселені түлен түрткеннен қозғап отырған жоқпыз. Қоғамның қатқыл тұсын жұмсартып, сұйылғ­ан бөлігін қоюландырып жүрген журналистерге арқа сүйеген пошташылардың сөзі олар туралы  жазуға  сеп болды. Базар нарығы қымбатшы­лыққа ұрынып тұрған шақта азын-аулақ қаржыға жұмыс істеп жүрген жандар арнайы хат жазып,­ атын атап, түсін түстемеуді өтінді. Осы күнімізден де айырыл­ып қаламыз ба деген қорқыныш басым. Айтулары­нша, алып  жүрген жалақыларына көңіл­дері толмайды,  көп  жерлерге жаяу баруға тура келеді­. Бұл – қала ішінде қызмет көрсететін пош­ташын­ың  айтқаны.  Ал ауылдық жерлерде кейбірі 30-40 мың теңге жалақыға жан бағып жүр. Дегенмен, жеке мәселе етіп қозғамасақ та, қоғам сұранысы ретінд­е құзырлы мекемеден сұрастырып көрмекке бел  будық.

Аймақ бойынша 7 аудандық, 15 қалалық, 102 ауылдық пошта байланыс бөлімшесі мен 44 фран­чайзинг бөлімшесін 213 пошташы жұмыс істейді. Мұны «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы­на арнайы хат жолдау барысында білдік. Алайда  пошташылардың жалақылары жөнінде нақты­ мәлімет ала алмадық. Бүгінде ең төменгі жалақы­ мөлшері – 42500 теңге. Бұл мөлшерден аз және  көп  алатындар  да  болуы  мүмкін.

 – Филиал қызметкерлерінің, оның ішінде пошташыл­ардың да жалақылары ҚР Заңнамаларына және «Қазпошта» АҚ филиалдарының жұмыс­керлерінің еңбегіне ақы төлеу және сыйақы төлеу ережесіне сәйкес штаттық кесте бойынша төленеді. Пошташылар велосипедпен, смартфонмен, сумка, киім, аяқкиім және жеке қорғаныс құралдарымен (газ баллоншасы, мұзға қарсы құралдар, т.б.) толық қамтамасыз етілген, – дейді филиал директоры А.Әбибу­ллаева.

Шыны керек, ауылдық жерде ең төменгі жалақы­ мөлшерімен  жұмысқа тартылғандар бар. Оның өзінде айлығының 10 пайызын зейнет­ақы жарна­сына ұстағанд­а, қолында мардымс­ыз ғана қаражат қалады.  Біреуге  тиім­ді, біреуге  тиімсіз.

КЕШІКПЕЙ  КЕЛЕМ  ДЕП  ЕҢ…

… деп пошта жәшігін ауық-ауық ақтарып жүрген қаншама адам бар. Бұрынғыдай шалғайдан хат күтіп емес, ақысына жазылған газет-журналын күтіп жүр. Ел аузынан естігенін көзбен көріп сенуге асығатын оқырмандардың адалдығы болар, сірә?! Ақпарат қазанының қайнаған заманында газет оқу үрдісінен жаңылмаған жандар бар. Шүкір. Бұл – газеттің өлмейтін, өміршең процеске ие екендігінің айғағы. Апта сайын жарыққа шығып тұратын басылымдар мен журналдардың тігіндісін жинақтайтын мұра­ғатшылар кездеседі. Алайда пошташылардың қателігі­нен сол баспасөз оқырманның қолына кеш тиіп жатады. Мұндайда олардың алғашқы әрекеті – редакцияға хабарласу. Редакция қызметкерінің міндеті – арыз-шағымды қабылдап, тарату жұмы­сымен айналысатын мекемеге хабарлау. Осы ретте пошта басшысынан мәселенің түйіні мен түбірін тарқат­уды  сұрадық.

– Тұтынушыларға пошта жөнелтілімдері мен мерзімді  баспасөз  басылымдарының  жеткізілуі 2019 жылдың 4 қаңтарынан бастап пошта-есептік жүйесі (ПЕЖ) бағдарламасы бойынша әр құры­лымдық бөлімшелердің бастықтары тарапынан қадағалан­ады. Тұтынушылар арасында пошта жөнелтілімдерін POST.KZ қосымшасы арқылы біліп отыру мүмкіндігі кең қолданыста. 15 күнтізбелік күн сайын ПЕЖ бағдарламасы бойынша барлық тір­кемелі пошта жөнелтілімдеріне жүктеме жасалып, уақытылы өңдеу жұмыстары үшін мониторинг жүргізіледі. Бақылау мерзімі ҚР бойынша хат-хабарлар үшін К+2, яғни 2 күн аралығында жеткізу және мерзімді баспасөз басылымдарын тізімге сәйкес күнбе-күн жеткізу бекітілген. Тұтынушылар тара­пынан арыз-шағымдар, өтініштер болған жағдайда ситуац­иялық орталық және қызметтер сапасын бақыл­ау бөлімінде қаралып, жауап беріледі, – дейді А.Ибрагимқызы.

Айта кетейік, компания елдің ең шалғайдағы елді мекендерінде де қызмет көрсетеді. Қалыптасқан жағ­дайла­рда пошта байланысы бөлімшелері ауылдағы экономикалық белсенділік орталығы ретінде көріне алатыны – «Қазпошта» АҚ-ның артықшылығы. Десек­ те, ауа райының өзгергеніне қарамастан өзінің жұмысын істеп, міндетінен жаңылмайтын пошташыларға мойын бұрып қарап қойсақ, артық етпес еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: