Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерікті жастар тегін медициналық маска таратты

30.03.2020, 10:41 395

Қызылордалық волонтер жастар «DALATEX» ЖШС-і демеушілігімен қаладағы 1000-нан аса қоғамдық көлік жолаушыларына тегін медициналық бетперделер (маска) таратып, әр жолаушыға коронавирус инфекциясын алдын алу жолдары көрсетілген үнпарақтар үлестірді.

«DALATEX» компаниясы қала еріктілерімен бірге күн сайын 1000 дана тегін медициналық бетперделер (маска) таратуды қолға алуда.

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде ерекше қолдау көрсетіп жүрген «DALATEX» ЖШС-іне барша қызылордалықтардың атынан зор алғысымызды білдіреміз.

Бұған дейін де волентерлік топ 25 наурыз күні қала орталығындағы базарлар мен сауда орындарында және теміржол вокзалы мен автовокзалда тегін медициналық бетперделер таратқан болатын.

Айта кету керек, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес қала әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен құрылған ЖЕДЕЛ ШТАБ жұмысы ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап, қала көлемінде кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда және тұрғындар мен халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

БАРША ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ТАРАЛУЫН АЛДЫН АЛУДА ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТЫП, ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Қалалық ішкі саясат бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: