Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәулет дәулетімен бөлісіп, Мырзабай мырзалығын көрсетті

17.04.2020, 16:33 820

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда қаласының қайырымды, жанашыр азаматтары сын сағатта көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруде. Қала кәсіпкерлері қиындықта қалған жандармен бірге болып, қайырымдылық ісін жақсы жолға қойған.

Бұл жолы да қала кәсіпкері Дәулет Қайсариев «Біз біргеміз!» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы, ерекше қамқорлықты қажет ететін 200 отбасына азық-түлік үлестірді.

– Мемлекет басшысы төтенше жағдай режиміне орай қанша шаралар жасап жатыр. Еліміздің кәсіпкерлері де қарап қалмай қолдарынан келгенше көмектерін беруде. Мен де мекеменің және отбасымның атынан қаладағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратып, халықты сабырға шақырғым келеді. Бұл қиыншылықты да артқа тастап, жарқын күндерге бірге жетеміз, – деді «МұнайТехСервизОрда» ЖШС директоры Дәулет Қайсариев.

Айта кетейк, Қызылорда қаласының белгілі кәсіпкері Мырзабай Шалгимбаев елімізде болып жатқан жағдайға байланысты ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге қолдау көрсетті. Қала кәсіпкері «Достық» қонақ үйін медицина қызметкерлеріне пайдалануға берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: