Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

800-ден аса мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты

03.12.2020, 16:50 368

HALYQLINE.KZ

Биылғы жылы жұмыспен қамту орталықтары арқылы 807 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова баяндады.

Облыста 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 18 мыңдайы еңбекке қабілетті болса, 7 мыңы – зейнеткерлік жаста, ал 5 мыңы – балалар.

– Бүгін Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні. Оларды қолдау, жұмысқа орналастыру, қолайлы орта қалыптастыру бағытында жұмыстар істеліп жатыр. Мәселен, өңірімізде мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Жол картасы іске асырылуда. Жол картасы 10 бағытты қамтитын 66 іс-шарадан тұрады, ол мүгедектік профилактикасы мен алдын алу, білім алуға қолжетімділік, кедергісіз орта, жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова.

Биылдан бастап, мүгедектігі бар тұлғаларға әлеуметтік оңалтудың іс-шараларын оңтайландыруға бағыталған портал қолданысқа енгізілді. 1 мыңға жуық техникалық құрал осы портал арқылы алынды. Келер жылы оңалту құралдарының 55 түрі осы портал арқылы беріледі.

Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер тестілеуден өткізілуде. Облыста 512 қызметкердің 421-і шекті баллдан жоғары жинады. Сынақтан сүрінгендер жұмысын жалғастырады, түрлі курстар арқылы білімдерін жетілдіреді.

Дереккөз: өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: