«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 424.49 (-1.1)

  • EUR: 504.51 (-0.92)

  • RUB: 5.59 (-0.02)

42500 теңге: Заң жүзінде қайта тексеріледі

17.04.2020, 0:55 542 0

HALYQLINE.KZ –| Төтенше жағдай кезінде тұрақты табыстан айрылуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 42500 теңге әлеуметтік төлемді 127 млрд теңгеден көп қаржыны 3 миллионнан астам адам алды. 5,9 млн жолданған өтімнің 2,15 миллионы немесе 37%-ы тұрғысында бірқатар себептерге қатысты төлем тағайындалмаған.

Өтінім берушілердің ішінде тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнетақы, жәрдемақы алушылар, ТЖ енгізілгенше ресми жұмыс істемеген азаматтар да бар. Кейбіреулері ұйым басшылығы жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберетіні жайлы бұйрық шығармаса да, жұмысшылар «42500 теңге» төлемге өтінім беруге әрекеттенуде.

  • Қазіргі кезде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жалдамалы жұмысшы болып саналатын өтінім берушілердің расында ақысыз демалысқа жіберілгендігін тексеруге кірісті. Сондай-ақ, «42500 теңге» төлемге зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылардан да өтінімдер келіп түсуде. Қайталап айтар болсақ, МӘСҚ тарапынан тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мәні сонда, төтенше жағдай тәртібі енгізілуіне байланысты табыссыз қалған жұмыс істеуші азаматтарға қаржылай қолдау жасалады. Сондықтан «42500 теңге» төлемге төтенше жағдай мерзіміне дейін ресми еңбек еткен, оларға жұмыс беруші жарна немесе жеке табыс салығын аударған немесе өздері бірыңғай жиынтық төлем төлеген зейнеткерлер, мүгедектер, яки басқа мемлекеттік жәрдемақы түрлерін алушылар иек арта алады. …Өтінім берушіде ТЖ енгізгенше соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жоқ немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін БЖТ жіберілмеген (1,16 миллионға жуық өтінім). Бұл жерде де ескерте кетерлік мәселе, «42500 теңге» төлемге қаражат МӘСҚ тарапына бөлінетіндіктен, әлеуметтік төлем алу үшін мемлекеттік сақтандыру жүйесіне қатысқан абзал. …534-ке жуық өтініш қайтыс болған адамның немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын азаматтардың атынан берілген. Мұндай өтінімдерге әлеуметтік төлем тағайындаудан үзілді-кесілді бас тартылатыны анық. «42500 теңге» әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі ТЖ тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген Заң жүзінде қайта тексерілетінін мәлімдейміз, – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми парақшасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: