Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

42500 теңге алуға құқығым бар ма?

13.04.2020, 9:46 1232

HALYQLINE.KZ –| Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі азаматтарға 42 500 теңгені алу құқығы бар-жоғын тексеріп беретін қызметті іске қосты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Telegram парақшасында жазды.

«Біз әлеуметтік желілерге әрдайым мониторинг жүргізіп, адамдардың сұрақтарының басым бөлігі былай екенін көріп отырмыз: «Мен бірнеше күн бұрын өтінім беріп қойғанмын. Әйтсе де әлі күнге дейін өтінімім мақұлданды ма, жоқ па білмеймін» дейді көбі. Сол себепті Біржан Нұрымбетовтің тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын тексеріп беретін қызметті іске қосты. Сервис бойынша, біз Президент Әкімшілігі жанындағы ІТ штабпен, ІТ мамандарымен, ұжыммен қауырт жұмыс жүргіздік. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке де алғысымызды айтамыз», – деді Нариман Мұқышев.

Әлеуметтік төлем алу құқығын тексеру үшін 42500.enbek.kz сілтемесіне өту керек. Одан кейін «Өтінім статусын тексеру» батырмасына басып, ЖСН мен жеке куәліктің нөмірін енгізесіз. «Мен робот емеспін» батырмасын басасыз да, «тексеруге» жібересіз. Сіздің 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғы бірден шығып тұрады. Бір ұялы телефон немесе компьютерден бір сағаттың ішінде тексеру бойынша 3 өтінім жіберіп көруге болады.

Пікірлер:
  • Мен 2017 жылдан бері дара кәсіпкермін. Құрылыс жұмыстарыга техникалық қадағалау жүргіземін. Жылына 2 рет салық органына есеп берем. Табыс салығын, әлеуметтік салығын тұоақты төлеймін. 4 сәуірге дейін 42500 теңге алуға өтініш бергенмін. Бүгін жауап келді
    Онда мен төтенше жағдайға дейін әлеуметтік салық төлемеген болып көрсетіліп, өтінішімді қанағаттандырмапты. Бұл қалай болғаны?

  • свламатсызба 42500 өтінім өткізгенмін əлі акшасы түспеді өзім жұмыссызбын көмек бересіздер ма кайдан білесін еңбек кз тексеріп отырмын

Скендір үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: