Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

250 мыңға жуық адам зейнетақы және жәрдемақы алады

22.01.2021, 13:50 410

HALYQLINE.KZ Биыл зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді. Яғни, жасына байланысты зейнетақы төлемдері жеті пайызға, ал жәрдемақының мөлшері бес пайызға өсті. Облыстағы 236,900 адамға зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Оның ішінде, жасына байланысты зейнетке шыққаны – 75, 515, ал мүгедектігіне байланысты – 22,708 адам. Сондай-ақ, 9 мыңнан астам азамат арнаулы жәрдемақы алады. Бұған қоса, аймақтағы 28 мыңға жуық көпбалалы отбасыға жәрдемақы беріледі.

– Осы жылдың 1 қаңтарынан:

– жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;

– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;

– зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге болды. Ал жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2917 теңге мөлшерінде белгіленді. Ал ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге болып бекітілді, – деді облыс бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Лиман Боранбаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: