Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

10 көшенің 9-ына асфальт төселген

23.09.2020, 11:50 608

HALYQLINE.KZ Арықбалық ауылдық округінің орталығы саналатын Жанқожа батыр ауылында Егізбай және Достық көшелері асфальтталды. Қазіргі таңда қос көшені асфальттау жұмыстарын «Қазалы Жолшы» ЖШС аяқтауға жақын қалды.

Ауылдағы ауқымды жұмыстар «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асып жатыр. Бұған дейін ауылдық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Жанқожа батыр ауылы аудандағы көшелерінің барлығы да жөнделген елді мекендердің қатарында. Бүгінгі күні ауылдағы 10 көшенің 9-ына асфальт төселген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: