Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйеліне 12 көлік әперген басшы орнын босатты

10.07.2020, 16:15 1229

HALYQLINE.KZ Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік желілерде дауға қалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловты жұмыстан босатуға тапсырма берді.

Ол сонымен қатар, дәріні дұрыс жеткізе алмаған «СК Фармация» басшысы Берік Шәріпті де қызметінен кетіру қажеттігін айтты.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС пен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса, тергеу жүргізген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жары, белгілі тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жақында күйеуі сыйлаған жаңа он екінші автокөлігімен мақтанып, пост қалдырғаны бар. Осыдан кейін басы дауға қалды. Онсыз да бұл қордың жұмысына қатысты сын көп болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: