Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған азамат не істеп жүр?

05.11.2020, 10:00 799

HALYQLINE.KZ Сотталғандарды қоғамнан оқшауламай жазасын өтеуін ұйымдастырудың маңызы зор. Сотталғандарды бас бостандығынан айырмай жазалаудың бір түрі – қоғамдық жұмыстарға тарту. Қоғамдық жұмысқа тарту жаза түрі сот үкімі күшіне еніп, пробация қызметіне алынған соң, жергілікті атқарушы органдардың бекіткен жұмыс обьектілерінде 10 күн ішінде орындалады.

Осындай қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтың бірі – Бауыржан. Қазалы аудандық пробация қызметі есебіне 2020 жылдың қазан айында алынған. Оған сот үкімімен ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен 80 сағаттық қоғамдық жұмыс белгіленген.

Қазіргі таңда бұл азамат күніне 4 сағаттан Көларық ауылдық округінің абаттандыру,санитарлық тазарту, тазалау жұмыстарымен айналысады.

«Жергілікті әкімшілікпен бірлесіп, бақылау жүргізіп, қоғамдық жұмысты қалай орындап жатқандығын тексеріп тұрамыз. Егер сот үкімімен белгіленген мерзімдік сағаттарды толығымен орындаса, бұл азамат пробация есебінен шығарылады», – деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: