Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

6 қазанда карантин күшейтіледі

04.10.2020, 15:20 404

HALYQLINE.KZ Елімізде 6 қазаннан бастап коронавирусқа анықтамасы жоқ шетелден келген азаматтарға Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында айтылды.

«6 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдар ПТР әдісімен коронавирусқа тестіден өткені туралы анықтама болмаса, елге кіргізілмейді», – делінген қаулыда.

Шетелдіктердің анықтама уақыты елге шекараны кесіп өткен кезде 72 сағаттан аспауы керек.

Ал өзге елден келген қазақстандықтарда анықтама болмаған жағдайда 2 күнге арнайы стационарға жатқызылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: