Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

42500 теңгені қандастар да алады

05.04.2020, 9:52 683

HALYQLINE.KZ –| Этникалық қазақтар да 42 500 теңге әлеуметтік көмек алады, – деп мәлімдеді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы.

Қауымдастық өкілінің айтуынша, тұрақты тіркеуде тұрып, әлеуметтік аударым жасаған қандастарға да Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі.

«Құрметті қандастар, толық ақпарат алу үшін біздің 1404 нөміріндегі Байланыс орталығына (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) хабарласуға болады немесе сұрақтарыңызды осы жерде қоя аласыздар!», – дейді ол.

ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 Жарлығына байланысты Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыз күнгі №110 бұйрығының 1 тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшалары және 3 тараудың 12 тармағының 1-2 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады», – дейді Төлеуұлы.

Осыған байланысты әлеуметтік төлемге ие болатын адамдар 42 500 теңгені алуға өтініштерін екі тәсіл бойынша бере алады:

1) Жұмыс беруші атынан осы бұйрықтың №2 қосымшасын қолданып бере алады. Оған 1 тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады;

2) Өз атынан:

а) Осы бұйрықтың №3 қосымшасын қолданып бере алады. Оған 1 тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады;

б) Осы бұйрықтың №2 қосымшасын қолданып бере алады. Оған 3 тараудың 12 тармағының 1-2 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады.

Ол үшін азамат өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс. Кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталықтары өтінішті тексеріп, шешім қабылдайды. Өтініш беруші өз кезегінде қабылданған шешімді SMS арқылы алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: