Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

320 жүргізуші армениялық көліктерін тіркеді

18.11.2020, 15:00 366

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында осы жылдың 1 маусымынан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан азаматтарына тіркеп әкелінген автокөліктерді есепке қою жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай автокөліктерді тіркеу уақыты 2021 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылуда.

Облысымыздың 320 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарын ұсына отырып, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде көзделген баптарға сәйкес 11946 теңге төлемдерін төлеу арқылы өз автокөліктерін тіркеген. Бүгінгі күнге тіркелген автокөліктердің 20-сы басқару органы оң жақтан сол жақа ауыстырылған көлік құралдары болып табылады.

Осы ретте, Армения Республикасынан автокөлік әкелген Қызылорда облысы тұрғындарын, авокөліктерін Заң аясында белгіленген мерзім ішінде тіркеуге қоюға шақырамыз.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрғындарға кеңес беру мақсатында Call – орталығы (тел: 8-7242-29-77-44, 29-73-52) арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: