Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

26 көше жөнделді

29.09.2020, 12:00 521

HALYQLINE.KZ Биыл аудан орталығындағы көшелерді жөндеуде көптеген жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде Әйтеке би кентінде 26 көше жөндеуден өтті. Тағы да бір көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жөндеуден өткен көшелердің жартысынан астамына екі қабат асфальт төселді. Олардың қатарында Т.Әубәкіров (Қ.Пірімов пен М.Шоқай көшелерінің аралығы), С.Сейфуллин (С.Сүлейменов пен Қ.Сәтпаев көшелерінің аралығы), Ж.Шерипов, Ж.Ақбаев, Ә.Молдағұлова, Н.Жәлімбетов, Сырым батыр, Біржан сал (Жанқожа батыр көшесінен С.Сүлейменов көшелерінің аралығы), Б.Нұрпейісов, Желтоқсан көшесі (О.Жанәділов пен Р.Сабырбаев көшелерінің аралығы), Төле би көшесі, Ә.Тыныбаев, Қ.Сәтбаев, М.Ғабдуллин, Р.Бағланова және Жанқожа батыр көшелері бар.

Қазіргі таңда Абай Құнанбаев көшесін асфальттау жұмыстары басталып кетті. Бұл жұмыстар жақын күндері аяқталып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, 4 кварталдағы Т.Қорабайұлы, С.Нұрқатов, Кішкене ата, Құланбике ана, С.Тәжібаева, 3 кварталдағы Жаймұратов, Нұрилла ана және Жәмет жырау, Т.Молдағалиев көшелері мен Абай Құнанбаев тұйығына орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қиыршық тас төселді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: