Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұябасар балапандарына әкені қалай таңдайды?

06.01.2021, 15:55 1011

HALYQLINE.KZ

Өзіме бүркіттің жар таңдауы сәті қызық көрінді. Ол былай екен. Ұрғашы бүркіт тұмсығымен ағаштың бір бұтағын сындырып алады да, көкке самғай жөнеледі. Содан, заңғар көкте ұзақ қалықтап ұшады. Оны көрген шәулі атаулы айналасына жинала бастайды. Кіл шәулі қасына жиналған уақытта ұябасар тұмсығындағы бұтақты төменге тастай салады. Сол сәтте көп бүркіттің ішінен біреуі асқан жылдамдықпен орта жолдан іліп алып, ұябасардың тұмсығына қыстырады. Әлгі ұрғашы бүркіт қайтадан тастап жібереді. Еркегі қайтадан жерге түсірмей алып келіп береді. Осылай бірнеше рет қайталанады. Ақырында сынақтан сүрінбей өткен шәулімен жұптасады. Жұп құрған бүркіттер аң-құс шыға алмайтын таудың биік шыңына ұя салады. Бұтақтан қаңқасын құрып, тұмсықтарымен үсті-бастарынан мамық жүндерді жұлып, төсеп, ұяны ықтасын етеді. Ұябасар балапан басқан шақта сарша үздіксіз тамақ тасып отырады. Жұмыртқа жарып шыққан кезде қауқарсыз балапанды ата-анасы қорғап, тамақ тасып, жетіліп өсуіне жағдай жасайды. Ал, қанаты шыққан уақытта ұяның мамықтарын алып тастап, балапандары ыңғайсыз күйге түседі. Осы сәтте тамағын ұядан сәл ұзақтау қойып, оның өзін жемтігіне еңбекпен жетуге үйретеді. Балапан қанша қорықса да, қарыны ашқасын амал жоқ, ұядан шығады. Осылайша, балапан өздігінен нан тауып жеуге үйрене бастайды. Алғашында әлі қимылы ширамаған балапандар жар басындағы ұядан төменге қарай құлап кетіп жатса, әкесі қанатын жайып, арқасына қондырып ұяға әкеліп салады. Өзі ұшып балық аулайтын кезге жеткенше, осылай тәрбиелейді. Ал, балапан өсіп, жетілген уақытта ата-анасы тамақтандыруды тоқтатып қояды. …

Қыранның  бір  қыры

Бүркіттің төбесіне тек қарға шыға алады екен. Төбесіне мінгенімен қоймай, желкесінен шұқи бастайды. Ғажабы сол, құс патшасы қарғаның төбесінен шоқығанын ауырсынса да, оған күші мен уақытын кетіріп, не сілкіп аударып тастамайды. Қанатын жайып биікке самғайды. Жерден неғұрлым биіктеген сайын, қарғаның кішкентай өкпесіне ауа жетпей, төменге қарай құлайды. Жалпы, бүркіттің әрбір ісінен үлгі алуға болады. Адам баласы да өз мақсатына жету үшін бос сөзді, пайдасыз пікірталасты ысырып қойып, алға ұмтылуы керек. Сонда аяққа оралған қажетсіз нәрсенің бәрі өзінен-өзі түсіп қалатыны ақиқат. Алдыңнан шыққан әр итке тас атсаң, баратын жеріңнен кешігесің. Бізге де құс патшасынан биікке ұмтылуды үйренуіміз қажет-ақ.

Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: