Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзгергің келсе…

26.09.2020, 10:00 501

HALYQLINE.KZ Қырық жасқа келгенде қыранның тұяғы тым ұзын боп, иірленіп, жұмсарып кетеді. Мұндай тұяқпен жемтігін ұстай алмайды. Тұмсығы да ұзарып, қатты майысып қалады. Түк жей алмай қиналады.

Кеудесі мен қанатындағы қауырсындары қалыңдап, денесі ауырлайды. Ұша алмай қиналады. Енді қыран не өледі, не ұзақ уақытқа созылатын түлеу кезеңін бастан кешіреді.

Бұл түлеу жүз елу күнге созылады. Қыран шың басындағы ұясына қонады. Сонда шамасы жеткенше тұмсығын тасқа соғып, тарсылдатады.

Тұмсығы түскенше, маза таппайды. Сосын жаңа тұмсық өсіп шыққанша күтеді. Одан ары қарай иір тұяғын жұлады. Жаңа тұяғы өсіп шыққанда кеудесі мен қанатындағы қауырсандарын жұлады.

Бес ай бойы жаны қиналып, азаптанып, түлейді. Осындай азаптан кейін қыран тағы да отыз жыл өмір сүреді екен.

Адам да өмір сүру үшін өзгеруге тиісті болатын кездерді бастан кешеді. Іштей түлеген адам қорқыныш, үрей, күмән мен күдіктен арылып, естеліктерден құтылып, ескі әдеттерден бас тартып, ескі өмірдің салтынан өзін ажыратып, жаңа өмірге қадам басады.

Тек өткен өмірдің ауыр жүгінен құтылғанда ғана бүгіннің тамашасын көреміз, келешектің ғажабын сезуге жол ашамыз.

Жаңа өмірге есік аш!

Қайрат Нұрлықасымұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: