Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Одыраң қағып, ойқастап өтіп…

17.10.2020, 12:00 569

HALYQLINE.KZ Алаш ардақтысы Ақселеу аға Сейдімбектің бір сөзі есімде қалыпты. “Жеті жасар кезім. Көше бойлап келемін. Көшенің ана басында ақ жаулығы желбіреген бір ана тұр. Жақындағанда байқадым, жетпістің үстіне шыққан кейуана екен. Мені тосып тұрды. “Апа, өте берсеңізші ”дегенімде, “Сен еркексің ғой, қарағым. Еркектің жолын əйел ешқашан кеспейді. Жолын кессе, еркектің жолы болмайды, бағы байланады дегені бар бұрынғылардың” деп алдымнан кесіп өтпеді. 7 жасар балаға 70-тегі ананың көрсеткен құрметі қай елде бар? Қандай даналық?! Неткен керемет елміз?!” деп Ақаңның арқасын кеңге салып жадырағаны күні кеше…

Бұл күнде əдейі келіп еркектің алдын кесіп өтетін əйел заты көбейді. Кердең қағып кес-кестеп, одыраң қағып, ойқастап өтіп жатқан əйел аз ба алдыңнан?!…

Нұртөре ЖҮСІП

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: