Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мағыналы мысалдар (2-бөлім)

02.12.2020, 10:00 743

HALYQLINE.KZ 

3. Фермадағы ат кенеттен ауырып қалыпты. Мал дәрігері: «Егер таңертеңге дейін орнынан тұра алмаса, бірден сою керек» деп ескертіпті шаруаға. Ертеңінде аттың орнынан тұруға шамасы келмепті. Қасына қой келіп: «Қане, тұр тез! Әйтпесе жаныңнан жұда боласың» депті дегбірсізденіп. Ат әрең дегенде орнынан тұрыпты. Мұны көрген шаруа: «Міне, ғажап! Мұны атап өту керек ғой! Тездетіп қой сойыңдар!» – депті. (1-бөлімге назар салыңыз)

– Өзіңізге қатыссыз іске араласпаңыз! (Бірақ қақпанға қатысты оқиға да есіңізде болсын!)

4. Үш адам тас аударып жатыпты. Олардың біреуінен: «Не істеп жатырсың?» деп сұрағанда, шекесіндегі терін сүртіп қойып: «Бел жазбай еңбек етіп жатырмын», – депті. Екіншісі: «Нәпақамды тауып жатырмын» деп жауап беріпті. Ал үшінші адамнан сұрағанда: «Ғибадатхана салып жатырмын», – депті жоғары қарап.

Мақсатын анық білетіндер үшін өмір мағынаға толы!

5. Бір күні миллионер таксиге отырыпты. Керекті жеріне жеткенде жолақысының дәл сомасын төлепті. Жүргізуші: «Кеше сіздің ұлыңызды жеткізіп тастағанда шайлыққа 100 доллар қалдырып кетті», – депті. Мұны естіген миллионер: «Әрине, оның әкесі миллионер ғой, ал мен жетіммін», – депті жымиып.

– Ақшаның қадірін өз еңбегімен тапқан адам ғана біледі!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: