«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 427.91 (0.00)

  • EUR: 506.9 (0.00)

  • RUB: 5.6 (0.00)

Есек құдықтан қалай шықты?

18.10.2020, 16:00 109 0

HALYQLINE.KZ Баяғыда бір есек құдыққа құлап кетіпті. Ақырып, жұртты көмекке шақырыпты. Айғай-шуға үйден шыққан иесі жүгіріп келіпті. Терең құдықтан есекті шығарудың амалын таппайды.
Ойланып, ойланып мынадай шешімге тоқтайды. Есегім ғой онсызда кәрі, бәрібір жаңасын сатып алуды жоспарлап жүр едім. Ал, құдық сусыз қалғалы қай заман. Көміп тастаймын дегеніме біраз уақыт өтті. Соның кезі келген екен. Бір оқпен екі қоянды атып алайын депті. Есекті құдыққа көміп тастайын деген тоқтамға беки түседі.
Көп ойланбастан көршілерін шақырып келеді. Күрекке жармасқан көпшілік терең құдыққа кезекпен топырақ тастайды. Есек не болып жатқанын түсіне қояды. Одан бетер қиқуға басады. Бірақ адамдар оған мән бермейді. Жұмысты тезірек бітірейік деп, жұмыла кіріседі.
Біраздан соң есек ақырғанын қояды. Құдыққа үңілген иесі есектің басына түсіп жатқан топырақты сілкіп салып, аяғымен таптап жатқанын көреді. Біраздан соң жұртты таңқалдырып есек құдықтан қарғып шығып, басы ауған жаққа шапқылап кете беріпті.

…Бәлкім, бұл да сабақ болар. Адам баласының өмірі қиындықсыз өтпейтіні мәлім. Қиындықтар кездесіп тұратыны заңды құбылыс. Келешекте олар қайталанып тұратыны да қалыпты нәрсе. Басыңызға түскен бір күрек топырақты сілкіп салып,табанға салып таптауға дайын болыңыз. Табанға түскен әр қиындық сізді биіктете түсетінін еш ұмытпағайсыз. Қиындығын жеңе білген әр адам кез келген терең құдықтан шығатынына кәміл болсын.

Әр қиындық – өмірдің сізге лақтырған тасы. Осы тастарды басып өтіп, селден де, топан судан да құтыла аласыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: