«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

Даласы кең, қаласы тар қазақтар

09.06.2020, 16:05 247 0

HALYQLINE.KZ  Елордада өткен Азия қаламгерлерінің форумы кезінде біз мінген көлік кептеліске килігіп қалды. Мен дегбірсіздік танытып: «Даласы кең, қаласы тар қазақтар…» деп күбірледім. Қатар отырғандардың ішінен Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділов елең етіп:

– Не дейсің? – деді.

– «Кеңістікке бәрі ынтық,

Даласы кең, қаласы тар қазақтар,

Кең әлемді тарылтып,

Өзін-өзі азаптар», – деп жазғаным бар еді. Сол есіме түсіп отырғаны. Жапанға жаңа қала салған соң, көшесін кең пішуге болар еді ғой, – дедім.

Сонда Қабдеш аға:

– Даланың кең болатыны – оны жаратқан кеңпейіл Құдай!

Қаланың тар болатыны – оны жаратқан тарпейіл адамдар…» деп жауап берді. Есімнен кетпей қалды. Міне, ойлы сөз! «Кең пішу» деп осыны айт!

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: