Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі «Үркер» сыйлығының иегерін қабылдады

25.11.2020, 10:15 1095

HALYQLINE.KZ Кеше Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы «Үркер» Ұлттық сыйлығы байқауының «Жылдың үздік репортажы» номинациясы бойынша жүлдегері, «Kyzylorda-news.kz» порталының бас редакторы жерлесіміз Мықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлын қабылдады.

Биылғы жылы бұл шара айрықша маңызға ие болып, «Үркер – 2020» сыйлығы 11 номинация бойынша табысталды. Сонымен бірге байқауда Шерхан Мұртаза атындағы жаңа номинацияда енгізіліпті. Аталған байқау жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған радио, баспа және интернет-журналистика саласының үздіктерін анықтады.

– Кіндік қаныңыз тамған қармақшылық жерлестеріңіз өзіңізді қай кезеңде де мақтаныш етеді. Сіздің еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қоғамымызды нығайтып, өлкеміздің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қоса береді деген сенімдемін. Өзіңізге мықты денсаулық зор шығармашылық табыс тілеймін, – деді аудан әкімі.

Нұрсұлтан Ертуғанұлы – Жосалы кентіндегі Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектептің түлегі.

Қазіргі таңда «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы лауазымын атқарып келеді.

Кездесу соңында аудан басшысы арнайы алғыс хат табыстап сый-сияпат көрсетті. Өз кезегінде майталман журналист ризашылығын білдіріп, өңіріміздің дамуы үшін бар күш жігерін салатынын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: