Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Космед»-тің «крышасы» кім?

19.11.2020, 13:30 1055

Осыдан тура бір апта бұрын Halyqline.kz сайтының «Жанайқай» айдарына Қызылорда қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы №7А тұрғын үйінің тұрғындары өз мәселесін жолдаған еді. Мәселе былай болғ­анға ұқсайды. Сол маңдағы «Космед» комплек­сінің нысаны жылу құбырын аталған тұрғын үйдің өжіресінен тікелей тартып алған. Негізі, тұрғындар сыртқы жақтан жылу тартуға рұқсат берген көріне­ді. Ал, сайып келгенде…

Тұрғындар өжіреге түсіп жылу құбырын тартуға ешкімнің құқығы жоқ деп санайды.

«Болашақта трубалар тесіледі, су ағады, булана­ды, өжіре суға толады, маса пайда болады. Ал қосқан­ мекеменің онымен жұмысы болмайды. Сол клиника «подвалына» бізді кіргізе ме екен? Сондық­тан, трубаларын алсын!», – дейді Зинаида есімді тұрғын.

Пәтер тұрғындарының бірі түсірген видеода да біршама мәлімет айтылады.

– Міне, №7А-ның (Қызылорда қаласы, Шұғыла мөл­тек ауданы – ред.) тұрғындары наразылық білдіріп жатыр. Біздің үйдің астынан комплекс «Космед» деген­ шипажай (жылу құбырын – ред.) орнатып алған, Бөкейханов 85 көшесінде. Бұл кісінің бастығы Муятова­ Саламат  (Муятов Бахыт – ред.) деген  кісі  екен. Мынау­ – подъездің асты. Сол кісілер осындай труба жүргізген. Оны дәл қазір ешкім білмейді. Мен сіздерге қазір трубаны сыртта қалай жүргізгенін толық көрсетіп беремін, – дейді видеода.

Мақала сайтқа шыққаннан соң, Қызылорда қаласының әкімдігі «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК (бұдан әрі – «ҚЖЭО» МКК) Қызылорда қаласы, Шұғыла­ м/а №7А тұрғын үйіне баратын жылу құбырына қатысты төмендегіні хабарлайды» дей келе, бірқатар жайттарды мысалға келтіре отырып: «Осыған орай, Шұғыла­ м/а №7А тұрғын үйіне және «Космед» комплексін жылу энергиясымен толығымен қамтамасыз ету кезінде пробле­малық мәселе жоқ екендігін хабарлаймыз» деп жауап жазды.

Айтқандай, клиниканың егесі тұрғындарға осы жылуды қосу үшін 200 мың теңгесін жұмсағанын айтып­ты. Ал, тартылған жылу құбыры 120 метрді құрайды екен.

– Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VІ ҚРЗ «Табиғи монополиялар турал­ы» Заңының №24 бабына сәйкес Қызылорда қаласы Бөкейхан көшесі №85 мекенжайы бойынша орнала­сқан «Космед» комплексінің нысанына ағымдағы жылдың 2 қыркүйектегі №1492 техникалық шарт берілген болатын. Техникалық шартқа сәйкес қосылу нүктесі аталған тұрғын үйдің элеваторлық торабына дейінгі жылу құбырынан көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану» қағидаларының 62-тармағына сәйкес «ПМИК немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады» делінген, осыған орай, элеваторлық торабына дейінгі жылу құбыры «ҚЖЭО» МКК меншігінде екендігін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында «Қызылорда қаласындағы ЖК-15А-нан Шұғыла м/а №1А, 6А, 7А, 11А тұрғын үйлеріне дейінгі кварталаралық құбырларды, ысырмаларды және жылу жүйелернің қосалқы қондырғыларын ауыстыру» жобасына сәйкес Шұғыла м/а №7А тұрғын үйіне баратын жылу құбырына жаңғырту жұмыс­тары жүргізілді.

Тиісті есептемелерге сәйкес Шұғыла м/а №7А тұрғын үйіне және «Космед» комплексіне жылу жүктемесіне сай 108 мм құрайтын құбырлар жеткілікті болып­ отыр. Алайда жоғырыда аталған жоба бойынша 159 мм құрайтын пенаполиуретандық қаптамалы  жылу құбырлары салынған болатын. Бұл дегеніміз жылу  құбырларында  бос  жылу жүктемесі болып отыр, – делінген  жауапта.

Ал, бұл жауапқа тұрғындардың көңілі толмайды. Әрі бұл олардың естіп жүрген үйреншікті жауабы екен.

«Қызылордажылуэлектрорталығының» жауабына канағаттанбаймыз. «Космед» мекемесіне 7А тұрғын үйінен жылу беретін болса, онда қасымыздағы барлық жер үйлерге де орталық жылу жүйесін жүргізсін. Бұл не сұмдық, үкіметтің тұрғын үйінен мекемеге жылу не үшін жүргізеді? Бөкейхан көшесінің алдында өздерінің орталық жылу жүйесі құбыры тұр, сол жерден қазып кіргізсін. Оңай жерден алып кіргізбесін! Біздің тұрғын үйдің астынан жылу алмасын, үйдің жылуы азайып қалды. Сонда қақаған қыста тұрғындар тоңып отыра ма? Не үшін біз жылуға ақша төлеп отырмыз? Бар жылуды­ неге «Космед» мекемесіне беріп отыр?» деп ашынады Аяна есімді тұрғын.

«Біздің үйдің астынан жылуды қалай жүргізеді?», «Біздің рұқсатымызсыз олардың жылуды бізден алуға құқығы жоқ. Оның үстіне подвалдан жылудың трубаларын жүргізбек түгілі сырттан ешкім кіруіне болмайды, бұл не басынғаны?!», «Жауапқа қанағаттанбаймыз, сотқа шағымданамыз. Мәселе оң шешілсін деп талап етеміз» деп ашынып жатқандары да бар. Әзірге түйт­кілдің түйіні қалай тарқайтыны белгісіз? Жауаптылар мәселені жауапсыз қалдырмайды деп сенеміз.

Рыскелді  ЖАХМАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: