Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мәдениет пен өнер әлемі ала-құла болып тұр»

21.05.2020, 17:07 759

HALYQLINE.KZ Бүгінде мәдениет пен өнер әлемі ала-құла болып тұр. Бұл саланың белді мүшелерінің бірі – эстрада әншілеріне тағылған мін, айтылған сынды естіп, біліп отырсыздар… Олардың орынды-орынсыз насихатталғаны сонша, ел- халық мәдениет пен өнер солардан ғана тұрады екен деп ойлап қалғаны рас. Оның үстіне олардың ішіндегі түкке тұрғысыздары келсін-келмесін телевизияға шығып алып: мына, біз өнер адамдары деп қойып, болмай қалған, татымы жоқ әңгімемен көпті шатастырды. Бәріне күйе жақпаймыз, әрине… Дегенмен «халтурщиктер мен фанерщиктер» мәдениет пен өнерді арзандатуға «зор үлес» қосты…

Уақыт – таразы. Ел кімнің кім екенін біле бастады. Анығында өмір ағысы, заман тынысы өзі-ақ айқындайды екен…

Көз көріп, құлақ естіп жүрген соң, айтқаным ғой. Ал, жалпы, қазақтың өнерін өрге сүйреп жүрген майталмандар бар, Құдайға шүкір. Сый-құрметке лайық жыршы, жырау, әнші, музыкант, актер, суретші, биші, композитор, т.б. өнерпаздар жетеді, бізде. Бүгін мәдениет пен өнер күні екен. Нағыз өнер майталмандарын құттықтаймын! Өнер өрге жүзсін!

Еділ Анықбайдың фейсбук парақшасынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: