Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сүйісудің пайдасы қандай?

24.10.2020, 18:00 2942

HALYQLINE.KZ Сүйісу қыз бен жігіттің арасында романтиканы толықтыра түседі, адам ағзасына тигізетін пайдасы да көп.

Сүйісу – стресске төтеп беруші құрал. Дәрігерлер сүйісу процесі соңы түрлі  ауруларға алып келетін ашу-ыза негізінің асқынып кетуін баяулататынын, миға көп көлемде эндорфиндер бөлетінін дәлелдеп отыр.

Сүйісу кезінде тісіңізді кариестен қорғайтын және эмалін қатайтатын калций мен фосфорға бай сілекей бөлінеді.

Сүйіскенде бөлінетін сілекей құрамында жараның жазылуын жылдамдататын антибиотик бар екені дәлелденді. Аңдар денесіне түскен жараны жалау арқылы емдегені сияқты, сүйіскендегі сілекей құрамындағы зат та тез әсер етеді.

Сүйіскенде беттің 38 бұлшықетіне күш түседі, бет терісінің қан айналымы жақсарып, әжім баяу түседі.

Сүйісу кезінде адам орта есеппен 9 калория тастайды. Бұл – орта есеп ғана.

Ықылық атып, тоқтамай жатса, сүйісу арқылы тоқтатуға болады.

Сүйісу кезінде қан тамырлары кеңейіп, қысым кішкене көтеріліп, жүрек тез соғады (минутына әйелдерде – 108 соғысқа дейін, ерлерде – 110 соғысқа дейін), адам минуты 60 рет тыныс алады. Бұлардың бәрі организмдегі қан айналымды жақсартып, қосымша оттегі алуға көмектеседі.

Ерін мен ерін түйіскенде жыныстық гормондар іске қосылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: