«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

Шын сүю

21.11.2020, 16:00 185 0

HALYQLINE.KZ

Адам жанын байытатын және бос қалдыратын төсек қатынасы болады. Қазіргі заманда көпшілік шұғылданатын сексуалды жаттығуды сүйіспеншіліктің көрінісі деу қиын. Ол адамды кемелдендіріп, ғарыштық күйге бөлемейді. Секспен дұрыс шұғылданғанын адам қалай біледі? Егер төсек қатынасынан кейін шаршап, ұйқың келсе – онда бойыңдағы күш-қуатың сарқылғаны. Түк алмағаның. Дұрыс қатынастан кейін еркектің күш-қуаты тасып тұрады. Бірдеңе жасағысы кеп, шабыттанады. Туынды тудыруға қабілеті артады. Әйел дұрыс қатынастан кейін басқа деңгейге көтеріледі. Ғажап ләззатты сезінеді. Тояты бірнеше сағатқа созылады.

Мұндай толыққанды төсек қатынасы бір айға жеткілікті болады. Яғни, дұрыс тоят тапқан соң күш-қуат бір айға дейін жетеді. Күнделікті қатынасқа түсу қажеттілігі болмайды. Себебі, адам организмі жиі қатынасқа түсуге бейімделмеген. Еркектің бір тамшы шәуетін жасауға бір литр қан керек. Соны жасап шығару үшін бір ай уақыт қажет. Егер еркек шәуетін жиі жұмсай берсе, ендеше организм қуатты мидан ала бастайды. Содан еркектің жадысы әлсіреп, жылдар өте есте сақтау қабілеті төмендеп кетеді.

Ежелгі тантра ілімі бойынша, еркек әйелге тек әйелдің қалауымен келуі тиіс. Әдетте әйел махаббат ойынын өзі бастайды. Егер әйел сүйіктісін шынымен қаласа, еркектің қалауына жай көне салмаса, мұндай әйел ерін ғарыштық күш-қуатпен толтырады. Өзі де ерекше күш-қуатпен толысады.

Әйел еркектен тоғыз есе сезімтал, еліттіргіш. Яғни, әйелге сезімін оятуға тоғыз есе күш-қуат жұмсалады деген сөз. Сондықтан еркек махаббат ойынын тоғыз күн бұрын бастағаны абзал. Әдетте еркек тек өзі тоят табуды ғана көздейді. Ол әйелге тек тоят таптыратын нысан деп қарайды. Мұндай еркек әйелді қанағаттандыра алмайды. Яғни, өзі де шынайы тояттың не екенін сезінбей өтеді. Ғарыштық күш-қуат жинай алмайды.

Егер еркек бір рет болса да толыққанды тоятты сезінсе, одан кейін жай қатынасқа келіспейді. Оның мақсаты сүйген әйеліне шын сүйіспеншілігін сыйлау болады. Әйелдің қанағаттануы арқылы өзінің де көңілі үстем боларын түсінеді. Себебі, шын тоят тапқан екеудің төсек қатынасы ғарыштық сиқырға ұласады.

Махаббат ойыны әйелдің етеккірі тоқтаған соң екі-үш күннен кейін болғаны пайдалы. Әйелдің организмі тазаланды. Құмарлығы артады. Сол кезден бастап ері әйелін ықыласына бөлесін. Еркектің мақсаты – әйелінің мейлінше көңілді болуын қадағалау, оның ерекше екенін сезіндіру, бұл ойынды соның өзі бастағанына сендіру. Төсек қатынасы күні бойы созылса да болады.

Бір-бірінің сүйікті асын даярлау, бірге жуыну, гүл, шырақ, жұпар иістерді қолдану. Әйелдің жаны шаттанатындай үйді безендіру. Еркек әйелдің өзінен бірнеше есе еліттіргіш екенін ұмытпасын. Әйелдің тұла бойы эрогенді нүктелерге толы. Соның бәрін «қосуды» ұмытпау. Әйелдерге аймалаған, құшақтаған, сүйген қатты ұнайды. Бұл – өте маңызды акт. Аттап кетуге болмайды. Ежелгі дәстүрлер әйелді пешке теңейтін. Жылыну үшін әбден қыздыру керек. Себебі, төсек қатынасы кезінде әйел еркектің барлық негативін өзіне сіңіріп алады. Оргазм кезінде соның бәрін өртеп өз ішінен сыртқа шығарады. Егер еркек тек өзі тоят тауып, тоқтай салса, әйелі оргазм сезінбесе, ол ашуланшақ, ауру әйелге айналады. Себебі, іші тола негатив боп қап кетеді. Сондықтан әйелге тоят таптыру өте маңызды. Бұл – әйелін сүйетін әр еркектің міндеті.

Дұрыс қатынас кезінде еркек Тәңірге теңеледі. Ол найзағайы жарқылдаған он сегіз мың ғаламды қолмен ұстап тұрғандай күй кешеді. Оргазм кезінде әйелдің санасы ғарышқа ұшып кетеді. Ол ерекше білім мен түйсікті жетілдіреді. Оргазм кезінде екеуі бірге ұшады. Әйелдің қуатының арқасында еркек кемелденеді. Ондай сәтте әйелін пір санаса, оған ерекше ләззат сыйласа, әйелі де еріне зор күш-қуат сыйлап, туынды тудыруға, денсаулығының мықты болуына, рухы күшті болуына ықпал етеді. Осының бәрі және басқа да ерекшеліктер дұрыс төсек қарым-қатынасына тәуелді.

Дао-Махаббат

Аударған @shinarabelda

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: