Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

$екс – түрлі дертке дауа

08.08.2020, 20:00 1065

HALYQLINE.KZ Жыныстық қарым-қатынастың адам денсаулығына аса пайдалы екендігі осыдан 2000 жыл бұрын дәлелденген-ді. $екстің емдік қасиетін айтпағанда, оның адам өмірін ұзартудағы рөлі де орасан. Сонымен жыныстық қарым-қатынас қандай ауруларға шипа? Бұл туралы anabol.kz сайты жазады.

1. Суық тигенде

Адам белсендірек қимылдаса бойындағы арам тер шығып, ыстығы басылады. Пенсильвания штатының Уилкса университетінің мамандары анықтағандай, $експен жиі айналысатын адамның ағзасындағы иммунитетті күшейтетін «иммуноглобулин А», керісінше, жыныстық қарым-қатынасқа енжар адамдардікінен 30 пайызға көп екен.

2. Сыздап ауырғанда

Басың не тісің ауырғанда $екс күшті көмектесетін көрінеді. «Анальгинге жүгіргенше төсекке асық» дейді мамандар. $екс кезінде пайда болатын гормондар мидың ауру-сырқауға қарсы тұратын бөлігін оятады екен. Оның үстіне, мысалы айталық, тісің қатты ауырып тұрғанда $експен айналыссаң, ол жүйке тамырларының сезімталдығын әлсіретіп тастайды. Ал Швеция ғалымдары еркек пен әйел арасындағы төсек «ойыны» жарақатқа күшті ем дейді.

3. Инфарктің алдын алуға

Осы бір жаман аурудың алдын алу үшін $експен жиі айналысу керек екен. Сонда жүректің жұмысы жақсарып, адам түрлі жүрек ауруларынан сақтана алса керек.

4. Күйзелісті болдырмайды 

Кез келген адам кез келген сәтте күйзеліске ұшырауы мүмкін. Міне, осы жағдайда Sекс таптырмайтын көмек. Адам ләззат алғанда бойындағы күйзеліске қарсы гормондар көбейеді екен.

5. $ексуалдық проблема кезінде

Былайша айтқанда, $ексуалдық проблеманы $екс шешеді. Мысалы, дәрігерлер $ексуалдық ауытқушылыққа ұшырғандарға бірінші кезекте жыныстық қарым-қатынасты көбейтуге кеңес береді. Тағы бір айта кетерлігі, әйелдің жыныс органдарына суық тигенде де оларға бірінші кезекте $експен жиі айналысу тиімді екен.

6. Артритті асқындырмас үшін

Жасың ұлғайған сайын буындар босаңсып, адам артритке шалдығуы әбден мүмкін. Ал $екс кезінде бүйрек безі жұмысы реттеліп отырады да, ол өзінен артритке ем саналатын кортизон бөліп шығарады.

7. Семіздікті болдырмайды

«Фитнес залына барып, диета ұстап өзіңді әуреге салғанша, $експен көп айналыс. Дене бітіміңнің бұзылмауына $екс таптырмайтын көмек» дейді дәрігерлер.

8. $екс – косметология 

Мамандардың зерттеулеріне сенсек, $екс әйелдің ағзасындағы, яғни қандағы эстрогенді көбейтеді. Ал эстроген шашты қатайтып, адамның терісін жақсартады.

9. Етеккір циклын тұрақтандырады

Жыныстық қатынас етеккір циклын бір қалыпта ұстап тұруға әсер етеді. Мұндай қорытындыны мамандар мыңдаған респонденттер арасындағы сауалнама негізінде жасаған.

10. Несеп жолдарын емдейді

Әйел адамдардың жасы ұлғайған сайын несеп жолдары жұмыстары бұзыла бастайды. Оның ең жағымсыз жағы – кіші дәрет жиілеп, бір кесе шайдың өзі дәретханаға неше мәрте жүгіртеді. Міне, осындай дерті болдырмас үшін $екпен жиірек айналысқан дұрыс екен. Сонда несеп жолдарындағы бұлшық еттері қозғалысқа түскен сайын, ол қатая бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: