Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жолақысы 60 теңге болуын талап етемін»

10.08.2020, 11:10 793

HALYQLINE.KZ Қаламыздың тұрғыны Әділбек Жиенбаев деген кісі: «Қызылорда да автобус жол ақысы Шымкент пен Алматы қалаларынан қымбат. Шымкентте 70 т, Алматыда 80 т» деп «Қызылорда» тобына наразалығын білдіріп жазған болатын. Халық жаппай қолдады. Қызылорда қаласында дәл қазіргі кезде жолақысы – 90 теңге. Алдағы күндерде Қызылорда қалалық мәслихаты пен Қызылорда автопарк қызметкерлерінің өзара талқылап, шешім қабылдап, жолақысын 120 теңге етпек. Бұл қандай жағдайда орын алады? Шешім бойынша: «Автобуста жүріп тұрудағы төлем жасайтын пластик карта «Alem pay»-ды сатып алмасаңыз, жол ақысы 120 теңге болмақ. Ал «Alem pay» картасымен жолақысы бұрынғыша 90 теңге болып қала бермек». Халық барынша қарсы шығып жатыр. Енді бұл наразылық посттың астына «Қызылорда Парк Автобусный» қызметкерінің жауабына назар аударып көрейік: «Қалаішілік маршруттарда тариф құны 90 теңге болып қала бермек. Сараланған тарифті енгізудің мақсаты – қала тұрғындарын электронды төлем жүйесін пайдалануға ынталандыру». Неткен тамаша жауап!

«Ынталандыру». Қызылорда қалалық мәслихаты мен Қызылорда автопарк мекемелерінде халықпен жүмыс істеп көрмеген адамдар жұмыс істеп жүргенге ұқсайды. «Ынталандыру» дегеннің мәнісін өзім түсіндіріп көрейін; ынталандыру – адамды кітап оқу үшін өзіңнің оқыған мықты, тамаша кітаптарға түсінік бере отырып, әлгі адамдарды кітап оқуға қызықтырып, ынталандыру. Немесе халыққа пайдасы тиер тал егу, көкөніс егу сияқты тірліктермен халықты қызықтыру үшін еккен жеміс ағаштарыңның берген жемістерін көрсете отырып, қалай егіп, қалай күтім жасау жағын түсіндіре отырып, барлық адамды соған ынталандыру. Бұлардың ісі «ынталандыру» емес, жүйкеге тию, халықты басыну, қорқыту, үркіту, мәжбүрлеу, өздерінің қисық шешіміне міндеттеу болып табылады.

«Ынталандыру» керек нәрсе, адам жүйкесіне тимейтіндей, ашу шақыртпайтындай болуы керек емес пе! Бір жағынан бұл жағдайға саяси көзқараспен қарап көрейік. Бұл аталып отқан екі мекеме қызметкерлері «Карта алмасаң 120 теңге төлейсің» деп әдейі істеп отыруы да мүмкін. Халық шошынып; «Ең болмағанда 100 теңге қылыңыздар» деп жалына кетуі үшін. Бұл тұста да халықты басыну, қорқыту, үркіту болып табылады. Ақымақты тапқан екенсіңдер, «ынталандырудың» не екенін білмейтін двоечники и троечники!

P.S. Алматы мен Шымкенттен үлкен емеспіз, ол баршаға аян. Жолақысы 60 теңге болуын талап етемін!

Beksultan Philosophers фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: