Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сөз тапқанға… (3-бөлім)

31.10.2020, 9:00 769

HALYQLINE.KZ Шіркеу соты Галелео Галилейге «гелиоцентрлік» көзқарасынан бас тартқызу үшін соңғы мүмкіндік береді:

– Әй, Құдайдың күнәһар құлы! Өз пайымыңнан қайтпасаң Джордано Бруноны отқа өртегендей сені де тірілей өртейміз!

Сонда тізерлеп отырған Галилей:

– Мен өз ғылыми жаңалығымнан бас тартамын! Мені кешіріңіздер! – деді де, тұрып жатып:

– Бірақ, бәрібір Жер Күнді айналады ғой! – дейді күліп.


Әмір Темір елден ерек еш сұлулығы жоқ қызды нұсқап:

– Күллі Самарқан менің Ләйлімнің меңіне де татымайды – деген қызың осы ма?! – деді Хожа Хафизге.

Сонда ол:

– Менің көзіммен қараңыз, әміршім!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: