«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Қош, «Халқым», мен кеттім

09.09.2020, 15:15 701 1

HALYQLINE.KZ

Шынын айтқанда, мына шағын ғана дүниені жазу үшін неден бастарымды да білмедім. Жайшылықта «журналист – ақпарат жауынгері» дейміз ғой. Сол ақпарат аламанындағы жауынгерде де жүрек бар, сезім бар. Көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін беймәлім сезім сүйкей салуға мұрша берер емес. Кестелі сөздер, оймақтай ойлар көкіректе сайрап-ақ тұр. Жазуға жасқанамыз. Білмеймін, әйтеуір, бұрын-соңды мұндай мазасыз күйді бастан кешпеппіз. Дәл қазір мида – майдан, санада – соғыс жүріп жатыр. Себебі, мен «Халықтан» кеттім.

Кеше ғана 20 жылдық белесті бағындырып, келешектің кемесіне мінген, айтары айқын, сөзі нық басылымда 5 жылға таяу тер төктік. Басылым шимай-шатпағымызды түзеді, күзеді. Қателігімізді кешірді, мерейімізді өсірді. Сөйтіп, қанатымызды қатайтып, томағамызды сыпырып, түлеткелі отыр.

5 жыл. Біреуге аз, біреуге көп. Бірақ еңбек кітапшасы енді ғана ашылып, онда бір ғана мекеменің атауы жазылған біз үшін оңай емес. Ботатірсек кезімізден бастап баптаған басылым бас редакторы Нұржан Әбжанұлына және барлық әріптестеріме шексіз ризашылығымды білдіремін!

Осы уақыт ішінде оқырман көңілінен жол табуға, аузы дуалы, сөзі уәлі азаматтармен сұхбат құруға тырыстық. Қадірлі оқырман, халықтың газетіне айналған «Халық» газетімен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамын!

Құрметпен,

Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: