Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тағыбергеннің таңғажайып голы (Видео)

31.08.2020, 10:00 564

Футболдан OLIMPBET Қазақстан біріншілігінің 7-турында қызылордалық «Қайсар» «Тобылды» қабылдап, 2-1 есебімен басым түсті.
Ойынның алғашқы жартысында қасқырлар алғашқы шабуылын голға айналды. Ілиястың алыстан бағыттаған добын, Реджиналдо голға айналдырды. Есеп – 1:0!

Кездесудің екінші жартысында қонақтар тайлы-таяғымен шабуылға шығып, кездесудің 63-минутында есепті теңестірді. Бұрыштамадан келген допқа Сергей Малый бірінші жетіп, Заруцкий қорғаған қақпадан саңылау тапты. Алайда қонақтардың қуанышы көпке созылмады. Ойынның 76-минутында қасқырлардың капитаны Асхат Тағыберген 35 метр қашықтықтан допты шірене теуіп, командасын алға шығарды. Есеп – 2:1! Бұл есеп ойынның соңына дейін сақталып, қасқырлар біріншіліктегі 4-ші жеңісіне қол жеткізді. Асхаттың голы футбол жанкүйерлерінің есінде қалмақ.

«Тобыл» – ел чемпионатындағы мықты ұжымның бірі. Сондықтан қарсыласымызға ерекше дайындықпен шықтық. Өткен турдағы қателіктерден сабақ алғанымыз байқалды. Алаңда жеңіс үшін барымызды салдық. Бүгінгі голды барлық жанкүйерлерге арнаймын», – дейді футболшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз