Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сәйгүлік аламан бәйге барысында өлді (Видео)

21.10.2020, 12:30 629

HALYQLINE.KZ Елордада ұлттық ат спорты түрлерінен өткен республикалық турнир кезінде асыл тұқымды сәйгүліктің бірі «үлкен аламан» бәйге кезінде мәреге жетіп, өліп кетті.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, турнирге қатысып жатқан ат мәреге жеткенде кенеттен теңселіп, жерге құлап түскен. Оның аяқ астынан өлген сәті камераға түсіп қалған. Телеарнаның мәліметінше, «үлкен аламан» бәйге – нағыз тұлпарлар сыналатын жарыс. Бұл сында 31 қатысушының тек 17-сі ғана 25 шақырымдық қашықтықты еңсере алған. Болған жағдайға ат спорты бойынша жаттықтырушы Секенай Бөбекбай пікір білдірді.

«Ол құлап өлді, демек дайын болмаған. Бұған жаттықтырушы кінәлі. Демек, ол жылқының жан дүниесін сезінбейді. Егер бапкер жақсы болып, жануарды тиісінше баптаса, ат өлмейді. Оның үстіне қазір күздің бел ортасы», – дейді маман.

Турнирге Қазақстанның әр аймағынан жүзден астам шабандоз қатысқан. Олар төрт қашықтықтан тұратын: «жорға жарыс», «құнан бәйге», «кіші аламан» және «үлкен аламан» бәйге бойынша сынға түскен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз