Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызметтік көлікте көз ілген полицейлер жұмыстан босатылды (Видео)

14.05.2020, 16:08 1035

HALYQLINE.KZ Әлеуметтік желіде қызметтік көліктің ішінде ұйықтаған полицейлер туралы бейнежазба тарады. Видеода автор бұл жайттың Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданында болғанын айтады. Аталған бейнежазбаға қатысты Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі былайша түсінік берді.

Ресми органның хабарламасында: «14 мамыр күні «Whatsapp» арқылы тараған қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері туралы бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексеру жұмыстары жүргізілді.Жедел түрде Департаменттің Тәртіптік Кеңесінде Әдеп кодексінің талаптарын бұзған екі қызметкердің және оларға тікелей жетекшілік жасайтын басшыларының жауапкершілігі қаралды.Тәртіптік Кеңес шешімімен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, қызметкерлердің тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жаза қолданылды» делінген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз