Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәтердегі өрт сөндірілді (Видео)

04.09.2020, 10:10 447

HALYQLINE.KZ Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде 11:17 минутта орталық өрт байланыс бекетіне  «Қызылорда қаласы, Ақмешіт мөлтек ауданы №3, 5-қабатты тұрғын үйдің, 2-подъезінің 3-қабатында №21 пәтерінде  өрт оқиғасы болды» деген хабар түскен.  Алдымен хабар бергендер өрт 19 пәтерде деп ойлап, солай хабарлаған. Алайда оқиға орнына барған Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі азаматтық қорғау подполковнигі Мақұлов Бекзаттың айтуынша өрт 21-пәтерден шықан.

Оқиға орнына жеткен №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мамандары пәтерде ауданы 24 шаршы метр болатын қонақ күту бөлмесінде салқындатқышы /кондиционер балқып/ жанып, ауданы 2 шаршы метр кілемі мен диванын өрт шалғандығын анықтады. Тілсіз жау 11:47 минутта ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 9 өрт сөндірушісі мен 3 техникасын қатыстыра отырып, толық сөндірілді.  Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осы өрт оқиғасы басына Өрт сөндіру қызметімен бірге Полиция департаментінен 4 қызметкер 2 техникасымен, жедел-жәрдем бригадасынан 3 адам 1 техникасымен, Қызылорда электр тораптарын тарату қызметінен 2 адам 1 автокөлігімен. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 3 адам 1 автокөлігімен,  Апаттар медицинасы орталығынан 3 адам 1 автокөлігімен атсалысты. Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталуда.

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары! Үйден сыртқа жұмысқа шығарда барлық ток көздерін ажыратуды, газ қондырғыларының сөндірілуін мұқият қадағалауды, балаларды бақылаусыз қалдырмауды сұраймыз. Адам өмірі мен қоғам мүлкін сақтау әрбір азаматтың парызы екенін ұмытпаңыздар!

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз