Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 6060 оқушы мектеп бітірді

25.05.2020, 11:50 439

HALYQLINE.KZ  Бүгін мектептерде соңғы қоңырау шарасы онлайн сынып сағаттар негізінде өтуде. Облыстағы 293 мектептегі 162 мыңға жуық оқушы қашықтан оқыту жағдайында оқу жылын аяқтады. Мерекелік сәтте оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті телеарна арқылы құттықтап, сәттілік тіледі.

Облыс әкімі білім саласына бағытталған қолдаудың жоғары екенін, Сыр еліндегі білім озаттарының халықаралық, республикалық додаларда топ жарғанын атап өтті. Сонымен бірге алдағы білім сынағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге сәттілік тіледі.

Бүгін 1-10-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау салтанаты онлайн сынып сағаттары негізінде аталып өтті. Оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар ЗООМ платформасы арқылы байланысқа шықты. Оқушылармен онлайн байланысқа облыс әкімі Наурызбай Байқадамов және білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова шығып, түлектерге сәт-сапар, ақ жол тіледі.

Айта кету керек, 11-сыныпқа арналған соңғы қоңырау салтанаты аттестат алу рәсімімен біріктіріліп, 3-4 маусым күні өткізіледі. Шара санитарлық талаптарды сақтап отырып, мектеп ауласында, мектеп формасымен қарапайым тұрғыда өткізіледі. Оқушылардың жиын ұйымдастырып, кортежге шығуына, қаржы жинауына тыйым салынған.

Биыл облыста 6060 оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Оның 5171-і ұлттық тестілеуге қатысуға өтінім қалдырған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: