Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: ҰБТ-ға қатысты маңызды мәліметтер

02.06.2020, 12:15 747

HALYQLINE.KZ ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізіледі (Арал, Қазалы, Жосалы, Ақай, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата университеті, «Мұрагер» мектебі)

Биылғы жылы мектепті 6059 бітіруші аяқтайды. Тестілеуге 5216 бітіруші (86%) қатысуға тіркелген (жалпы орта білім беретін мектептер – 5172, кешкі мектеп – 1, РФ қарасты мектептер – 43)

Анықтама үшін: 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-ға 5755 бітірушінің 4143-і ( 72%) қатысты. Орташа балл – 84.

Облыстағы тестілеу пункттері талапқа сәйкес жабдықталған (аркалы, қол металл іздегіштер, ұялы байланысты тұңшықтырғыш, бейнебақылау камералары, аудиторияларда кондиционерлер, кеңжолақты интернет, электронды құрылғылар).

ҰБТ өткізу барысында санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталатын болады.

Атап айтқанда:

– бітірушілерді кіргізу және аудиторияларға орналастыру барысында әлеуметтік қашықтықты сақтау;

– бітірушілерді дезинфекциялық тоннель арқылы өткізу,

– дене қызуын өлшеу,

– антисептиктермен өңдеу;

– маскалық режим;

-пунктті дезинфекциялау;

– дизенфекциялық кілемше, кварц шамдары, санитайзерлер орналастыру.

Осы талаптарды орындауға 22 млн теңге қаржы бөлінген.

Қатысушылардың тасымалдануы, тамақтандыруы және жатын орындары үшін бюджеттен 18 млн теңге бөлінген.

– тамақтандыру 8 млн теңге (1581 бітіруші, 30%);

– жатын орын 3,8 млн тг (532 бітіруші, 10%);

-тасымал 6,2 млн теңге (1449 бітіруші, 28%).

Бітірушілердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық, өртке қарсы қызметтері және ішкі істер органдары бірлесіп жұмыс істейді.

Анықтама үшін:

Тесттілеу бес пәннен 120 сұрақтан тұрады, ең жоғары балл – 140.

2020 жылғы ҰБТ бойынша енгізілген өзгерістер:

– Педагогика мамандығы бойынша шекті балл 70 балға көтерілді (2019 жылы – 60 балл);

– Мемлекеттік гранттар оқыту тіліне қарамастан тағайындалады;

– Тестілеуде бақылау күшейтіледі. Тыйым салынған заттар (смартфондар, телефондар, гаджеттер, қағаз жазбалар) табылған жағдайда бітірушілер тестілеуге жіберілмейді.

– ҰБТ-ны өткізу барысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Арайы мониторингтік тобы бақылау жүргізеді;

– тестілеу барысы онлайн түрде «Digital Agent» қосымшасы арқылы таратылады.

ҰБТ-да тестілеу материалдары 30% жаңартылды және 4 оқу тоқсанының материалдары алынып тасталды.

Жалпы, биылғы жылға 53 864 грант бөлінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: