Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Педагогтерге үстемеақы беріледі

21.05.2020, 12:00 612

HALYQLINE.KZ Қыркүйектен бастап мұғалімдер жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемеақы ала алады. Педагогтер үстемеақы алуы үшін жаз айларының ішінде аттестаттау рәсімін бітіруіміз керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

 – «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап әріптестерімізге үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізуіміз керек. Болжам бойынша 100 мыңдаған әріптесіміз осы тестілеуге қатысады деп отырмыз. Әрине, біреуі өтеді, біреуі өте алмайды. Қалай десек те, біз ондай мүмкіндікті беруіміз керек. Қыркүйектен бастап аттестаттаудан өткен әріптестеріміз үстемеақы алуы тиіс, – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің «Facebook» парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында.

Сонымен қатар министр бұған дейін балабақша, колледж педагогтері, директорлар мен олардың орынбасарлары аттестаттаудан өтпегенін және үстемақы алмағанын атап өтті.

Көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе бұл ғана емес. Мысалы, колледж педагогтары аттестаттаудан өтеді. Бірақ алған санатына тиісті үстемеақы берілмейтін. Мектеп мұғалімдері үстемеақы алады, ал колледж мұғалімдері алмайтын. Балабақша бойынша да осы мәселені әріптестеріміз қанша жылдан бері көтеріп келді. Директорлар мен олардың орынбасарлары туралы тіпті айтудың да керегі жоқ. Олар аттестаттаудан өтпейтін және өтсе де үстемеақы алмайтын. Енді директор мен оның орынбасарлары аттестаттаудан өтіп, нәтижесінде 30-дан 100 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алу мүмкіндігіне ие болады. Бас педагогтің айтуынша, балабақша, мектеп, колледж педагогтарына 30-дан 50 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл қаңтар айынан бастап қосылған 25 пайыз жалақыға қосымша төленеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: