«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Онлайн сабақты оқытудың жүйесі өзгерді

03.04.2020, 22:08 404 0

Halyqline.kz – Еліміздегі төтенше жағдай  кезінде  мектеп оқушыларының IV тоқсанда қашықтықтан оқу жүйесін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов онлайн брифинг барысында атап өтті деп хабарлайды baq.kz.

Елімізде барлық оқушыларға арналған бірнеше платформалар әзірленгені айтылды. Арнайы сынама сабақтар өткізіліп, онлайн сабақтарға қарағанда қашықтан сабақ беру тиімді екендігін атап өтті министр.

«Сынақ сабақтар кезінде басқаша мәселелерді көрдік. Онлайн осыншама қосылуды көтермейді, соған байланысты көп ыңғайсыздықтар болды. Оған көзіміз жетіп отыр. Техникалық ақаулар жеткілікті. Интернет бұл жүйені көтере алмады. Онлайн оқудың орнына, мен айтқан басқа платформалар арқылы оқытуды жүргізуіміз қажет», – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, Bilimland, kundelik.kz, opiq.kz деген сияқты платформалар арқылы бейне сабақтар дайын екендігі аталып өтті. Тек оқушылар кіріп, мұғалімдерімен кер байланыс жасаса болды. 

«Солардың ішінде әр мектеп осылардың біреуіне тоқталып, жұмыс істейді. kundelik.kz  және Daryn.Online сайттары бойынша 900 мың-ға жуық бала кіріп, тиісті дәрісін алды. Әр тоқсандағы болатын тақырыпқа сәйкес тиісті бейне  сабақтар бекітіліп жатыр. Сонда бала өзі кіріп қарағанда сол тақырып бойынша мұғалімнен алған тапсырмасы болады соған сәйкес бейнені қарап тамашалай алады. Осы бойынша үлкен жұмыстар жүргізуге болады», – деді министр. 

Жалпы елімізде  қашықтан оқуға  2,5 млн бала қатысқан. Қазіргі кезде демалысқс қарамастан бұл платформалар өз жұмысын жүргізіп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: