Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста 60 мыңға жуық оқушы қашықтан оқуға дайын

06.04.2020, 15:50 956

HALYQLINE.KZ –| Бүгін IV тоқсандағы үйде отырып оқудың бірінші сабағы басталды. Бұл – білімдегі алғашқы практика. Оқушы үшін де, мұғалім үшін де. Сондықтан да бауыр еті баласы үшін ата-аналар ертеңгі басталар сабақ қалай өтер екен деп уайымдап отыр. Дегенмен, оқытудың мұндай жолын көруге тура келеді.

Жалпы, қалалық білім бөліміне қарасты 54 мектепте 38 мыңнан аса отбасынан 63 мыңнан аса бала білім алуда.

Оның ішінде 60 мыңға жуық оқушы қашықтан оқуға қажетті электронды құрылғылармен (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон) қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда қажеттілікке байланысты 500-ден аса отбасына уақытша пайдалануға компьютерлік құрылғылар берілді.

Барлық мектептерде мектепалды даярлық сыныптар, 1-9-сыныптар үшін сағат 08:30-дан, 10-11-сыныптар үшін сағат 14:00-ден дүйсенбіден жұманы қоса алғанда ұзақтығы 30 минутқа дейінгі аралықта сабақ кестесі жасалынды.

♦«Балапан» және «Еларна» қосулы болсын. Бірден айту керек, телевизиялық сабақтардың уақыты – 10 минут. Келесі 10 минут – басқа пәндікі. Кесте бар, соған сай жүреді. Бір ескеру керек, кестелер Астана уақытымен қойылған, уақыттан қалып қоймау керек.

♦Әрбір ұстаз баланы өзіне ыңғайлы платформада оқытады. Ол Daryn.online немесе Bilim.land болуы мүмкін. Әр мектеп әртүрлімен оқытып жатыр деп байбалам салудың қажеті жоқ. Таңдау құқығы бар. Мұғалім ыңғайына қарай платформаны таңдады.

♦Дәл қазіргі ең ыңғайлы әрі бәріне қолжетімді желі WhatsApp болғандықтан, оқушы мен ұстаздың кері байланысы WhatsApp арқылы реттеледі. Сондықтан, әрбір пәнге WhatsApp группалар ашылуда. Әрине, оны реттеу мұғалімге байланысты.

♦Бұрынғыдай ұстаздар «Күнделік.кз» арқылы балаларға баға қояды. Егер жүйеге кіре алмай, әбігерге түссе, қағаз журналмен де баланың білімін бағалай алады. Яғни, осы уақыттарда мұғалім баланың сабақты игергеніне мән беруі керек.

♦Қашықтан оқыту үшін мұғалім әрбір баламен жұмыс істейді. Яғни, бұрынғыдай бір сыныпта отырып балаларды игергендей емес, жеке жұмыс істегендіктен, жауапкершілік екі есе. Сондықтан айлығы тарификация бойынша төленеді. Ол үшін уайымдаудың қажеті жоқ.

♦Әрбір директор ұстаздардан қашықтан оқыту кезінде басы артық құжат не есеп сұрамайды. Демек, мұғалім оқу жүктемесіне сай бағдарламаны игеріп шықса болды. Қағазбастылыққа жол берілмейді. Дегенмен, мұғалім директор үшін емес, оқушы үшін жауапты болады. Ата-анамен қарым-қатынас аса қажет. Себебі мұғалімнің кейбір функциясын ата-ана бірлесіп атқарады.

♦ Үй жағдайында балаға білім беру үшін мұғалімге ерекше сенім артылады. Ал, онсызда баласына сұрағанын алып беріп отырған ата-ана осы жауапты сәтте мұғалімге демеу болса, өзара түсініссе, бір тоқсанды еңсеріп шығуға болады. Әзірге бір ретке түскенше ең әуелі балаңызға, оны оқытқан ұстазға жәрдем берейік!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: