«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 429.51 (+1.16)

  • EUR: 502.14 (+2.73)

  • RUB: 5.42 (-0.02)

Мұғалімнің жалақысын есептеуге арналған онлайн-калькулятор

11.06.2020, 12:55 5481 31

HALYQLINE.KZ Мұғалім енді еңбекақысын өзі есептеп, кем төленген ақшаны өндіріп ала алады. Білім және ғылым министрлігі мұғалімдер жалақысын есептейтін онлайн калькуляторды іске қосқаннан бері 2 миллионға жуық адам өз еңбекақысын есептеген.

Педагог мамандар енді онлайн калькулятормен еңбекақысын өзі есептей алады. Сондай-ақ, Telegram-чатта жалақы есептеу және құқығының бұзылуы жөніндегі сұрақтарды талқылап, мәселесін шешеді. Осы орайда Informburo.kz онлайн калькулятор мен мұғалімдер жалақысын есептеуге қатысты сұрақтарға жауап береді.

№1. Онлайн калькуляторды қалай қолданады?

Педагогтер zp.fvr.kz сілтемесі арқылы өтіп, еңбекақысын есептей алады. Калькулятор облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің жалақысын есептеуге арналған.

zp.fvr.kz сайтында арнайы форманы толтырған соң автоматты түрде нақты жалақы сомасы шығады. Сосын оны pdf форматта сақтап алуға болады.

№2. Жалақыны есептеп беретін мамандар бар ма?

Ешкім сіздің заңды алатын жалақыңызды, еңбек демалысы төлемін, сауықтыру жәрдемақысын есептеп бермейді. Бұл – мектеп бухгалтерінің жұмысы. Құқықбұзушылықтарды ескере отырып, биыл әр педагог еңбекақысын өзі есептей алатын сайт іске қосылды. Видео нұсқаулықпен осы жерден танысуға болады.

№3. Онлайн калькулятор жалақыны есептегенде қателеспей ме?

Сайттағы форманы дұрыс толтырсаңыз, калькулятор еңбекақыңыздың нақты сомасын шығарып береді.

№4. Калькулятор есептеген сома мен алып жүрген айлық сәйкес келмесе, не істеу керек?

Онлайн калькулятор есебін қағазға шығарып, бухгалтерге қайта санатып алыңыз. Еңбек кодексіне сәйкес, бухгалтер сізге ай сайынғы еңбекақыңыз бен ондағы төлемдер, аударымдар жайлы анықтама беруге міндетті.

Еңбек қатынастары бойынша туындаған сұрақтар бойынша облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдары мен білім бөлімдерінің өкілдеріне хабаралсуға болады.

№5. Кем ақшаны өндіріп алуға бола ма?

Иә, өндіріп алуыңызға болады. Мектеп әкімшілігіне барып мәселені шешіп көріңіз. Еш нәтиже болмаса, кәсіподақ төрағасына арыз жазасыз. Содан әрі қарай аудандық, қалалық, облыстық кәсіподаққа арыздануға болады.

№6. Базалық коэффициент қалай есептеледі?

Базалық коэффициент білім, жұмыс өтіліңіз бен санатыңызға қарай есептеледі және өзгеріп отырады. Базалық қызмет ақысын коэффициентке көбейткенде қызмет ақысы шығады.

№7. Еңбек демалысы ақысы қалай есептеледі?

Еңбек демалысы ақысы сіздің әр айдағы табысыңыздың жиынтығын сол айлардағы жұмыс кундерінің жалпы санына бөлгенде бір күндік жалақыңызды шығару арқылы сізге неше күн еңбек демалысы берілгеніне байланысты есептеледі.

Қазақстанда мұғалімдердің еңбек демалысы – 56 күн, бес күндік мектеп мұғаліміне – 40 жұмыс күнінің, алты күндік мектеп мұғаліміне 48 жұмыс күнінің ақысы есептеледі.

№8. Еңбек демалысы ақысы қанша күн ішінде төленуі керек?

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – демалыс басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Заңсыздық орын алса, сенім телефонына хабарласып, мән-жайды баяндап, прокуратураға арыз не өтініш жазып қалдырасыз.

№9. Сауықтыру жәрдемақысы қалай есептеледі?

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақының мөлшері аптасына белгіленген нақты оқу жүктемесі есебінен анықталады. Сауықтыру сіздің нақты сағаттарыңызға төленеді.

Сауықтыру ақшасы үстемеақыңызды есепке алмай, қызметақыңызды ғана ескере отырып есептеледі:

17697 (базалық жалақы)× базалық коэффициент÷ 18× өзіңіздің нақты сағат саныңыз+25% (ауылдық жер болса).

№10. Мұғалім оқушысының жетістігі үшін сыйлықақы ала ма?

Халықаралық олимпиада, байқау және спорт жарыстарында жеңімпаз атанған оқушыны дайындаған мұғалім мемлекеттік білім беру ұйымының экономиясы есебінен үш қызметақы көлемінде сыйақы ала алады.

№11. Жалақы есептеуге қатысты сұрақтарды қайда талқылауға болады?

Telegram-чатқа қосылып, қазақ не орыс тілінде сұрақ қойып, жауап алуға болады. Топтың өз ережесі бар:

  • Тіл тигізуге тыйым салынады;
  • Чатқа 09.00-ден 20.00-ге дейін жазуға рұқсат;
  • Сенбі және жексенбі – демалыс күндері;
  • Ереже бұзғандар блокталып, чаттан шығарылады.

Чат әкімшілері бір сұрақты қайта-қайта қоймай, өткен хабарламаларды оқуға кеңес береді. Сондай-ақ, мәселені шешу үшін мұғалімдерге аты-жөнін, өзі жұмыс істейтін мектеп пен облыс, аудан, ауыл атауын жазуды сұрайды. Чатта мұғалімдер мен чат әкімшілеріненін басқа осы салаға жауапты мамандар отырады.

Білім және ғылым министрлігі, кәсіподақтар, Сапаны қамтамасыз ету комитеті және білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменттері, білім беру басқармалары ұстаздар құқығын қорғауға дайын екенін айтып отыр. Алайда мұғалімдер шағымдарының 99%-ы жасырын болатындықтан мәселені шешу қиынға түседі.

Пікірлер:
  • Менің мамандығым дефектология. Балабақшада логопед лауазымы бойынша жұмыс істейтін. Білімім жоғары. Менің жалақым қанша болуы керек,?

  • Сәлеметсізбе! Менің мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 7сағатым бар, 0,5 ставка ұйымдастырушы педагог. Білімім жоғары. Менің жалақым қанша болуы керек

  • Сәлеметсіз бе.Мен ауылдық жерде тұрамын.Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі.Білімім жоғары.Еңбек өтілім 11 жыл, санатым сарапшы (жаңартылған)сағат саны 17.Менің жалақым канша болады.

  • Қайырлы күн, құрметті пікір білдірушілер! «Halyqline» ақпараттық порталы сіздер үшін елімізде болып жатқан жаңалықтарды жеткізуге әркез дайын. Мақсаты – ақпарат тарату. Сіз пікір қалдырып отырған мақала да – кезекті ақпараттардың бірі. Сондықтан сайт қызметкерлерінің құзіретіне мұғалімнің жалақысын есептеу қызметі кірмейді.

  • Саламатсызба мен Шымкент Облысы нан боламын аты жоним Абубакиров Ахрор Маьмуржонович. Сизге койайын деген сурагым биздинг мектебде жылына сол августтынг сонгында сабак талас болады бийылда сондай болыб тур окинишке орай сабак жуктемемиз жетпей жатыр. Бизди директор аксыз демалыска шыгара алама жокпа соны айтыб берсенгиз Отиниш мулде шыкпай жатыр 6 адамга калгандарында сол жуктемеси 18 сагат олар биз бермеймиз дебтур бизге кандай кенгес бере аласыс

  • Cалеметсізбе?Мен бастауыш мұғалімі.14сағатпен жұмыс жасаймын.5жыл болды жұмыс жасап жатқанына.Айлығымды есептеу бересіз бе?Білімім

  • Сәлеметсізер ме мен бастауыш сыныпта үйірме, факульатив қосқанда 18 сағат. Қосымша ағылшын 4 сағат орташа біліммен. Запылата қанша болады

  • Сәлеметсіз бе?Мен қазақ тілі пәні мұғалімімін.Еңбек өтілім 12жыл,педагог-сарапшымын,18 сағат,білімім жоғары,аудандық мектепте жұмыс істеймін.Жалақым қанша болады.Жауабыңызға алдын ала рақмет.

  • Тəрбие орынбасары 0.5 ставка..10 сағатым бар.Оның 2еуі сағат биология дəптер тексеру. Общий 10 сағат.Сынып жетекшілігім бар. Санатым жоқ.стажым 4 жыл. Есептеп бересізбе?Өтініш.

  • Саламатсыз ба? Подвоз бен қазақ тілінен 3 сагат факультатив пен 2 кластын 4 сагат обучение на домуы бар. Енбек отилим 3.7 ай.Санатым жоқ. Есептеп бересиз ба

  • Саламатсыз ба? Подвоз бен қазақ тілінен 3 сагат факультатив сабагым бар. 2 кластын 4 сагат обучение на дому бар. Стажым 3.7 ай. Санатым жоқ. Билимим жоғары. Есептеп бересиз ба? Отиниш

  • Салематсызба?Мен Ағылшын пəні мұғалімі болып жұмыс жасаймын.Жас маман жоғары оқу орнын бітірдім стаж санатым жоқ.Сынып жетекшім жоқ.Мектепте кезекші мұғаліммін 1 сыныптарға 3 сыныпқа беремін аптасына 2 рет Сағатым 20 есептеп бересізба.Рахмет

  • Саламатсыз ба. Мен бастауыш сынып мұғалімімін. сарапшы категориям. Магистратурам бар. 25сағаттың артық 5 сағатының бір айлық ақысын қалай есептесем болады? 20сағатқа қанша толенуі тиіс

  • Білімім жоғары
    Пед стаж 18 жыл
    Санатым 1 санат
    Класс жетекшілік
    Негізгі сағат 13
    Таңдау пән 3
    Дінтану 4 сағ
    Тарих пәнінің мұғалімі
    56 мектеп

  • Саламатсызба Ақтөбе
    Тарих пәнінің мұғалімі
    Категория жоқ
    Санатым 1 санат
    Пед стаж 18 жыл
    Негізгі 13 сағат
    Таңдау пән 3 сағ
    Дінтану фокулт. 4 сағ
    Класс жетекшімін
    Айлығымды есептеп бересіз бе?

  • Мен аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істеймін.еңбек өтілім 11жыл 8 ай,білімім жоғары,2 санат,штатқа айлық қанша болады?

  • Сәлеметсіз бе деңгейлік курс бітірген мұғалімге қанша сағатқа төленеді, менде 24 сағат
    бухгалтерия маған тек 18 сағатқа төленеді дейді, осы қаншалықты дұрыс

  • Қайырлы күн, құрметті пікір білдірушілер! «Halyqline» ақпараттық порталы сіздер үшін елімізде болып жатқан жаңалықтарды жеткізуге әркез дайын. Мақсаты – ақпарат тарату. Сіз пікір қалдырып отырған мақала да – кезекті ақпараттардың бірі. Сондықтан сайт қызметкерлерінің құзіретіне мұғалімнің жалақысын есептеу қызметі кірмейді.

  • Саламатсызба, мен посёлокта тұрамын, 12сагатым бар информатика пани мугалимимин, 12 замен декрете откан қыздың сағаты сынып жетекшилик бар барлығы 24сагат болып тұр, плюс кл жетекшилик бар 170000айлык тусити дұрыс па

  • Салеметсиз бе.Мен балабакшада тарбиеши болып жумыс истеймин.Стажым 4жыл 7ай,2ши категория,высший диплом.Оган 25% педагог мартебесин коскан кезде жалакым канша болуы керек?

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: