Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұғалімнен есеп талап етілсе…

11.05.2020, 11:29 471

HALYQLINE.KZ –| Педагогтерді қызметтік міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартқандар және шамадан тыс есеп беруді талап еткендер үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Педагогтерді кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, олардан қызметтік міндетіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда, ҚР БҒМ Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттері ҚСжАЕК органдарында жоспардан тыс тексеруді тіркейді. Тексеруді ұйымға барып немесе қашықтан жүргізеді.

Егер алғаш рет бұзушылық жасаған адам кінәсін мойындаса, Комитет және оның аумақтық органы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмайды, бірақ кінәлі адамға ескерту жасау туралы қаулы шығарады. Бұзушылыққа қайта жол берген адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылады және әкімшілік айыппұл салынады. Оның көлемі 20-дан 120 АЕК-ке дейін.

edu_news_qz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: