Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп басшылары марапатталды

05.06.2020, 22:18 947

Еңбек жолын оқушыларды білім нәрімен сусындатып, өнегелі тәрбие беруге арнаған ұстаздар қоғамда қашанда жоғары мәртебеге ие. Білім көкжиегінде білікті түлектерді түлетіп, жас ұрпақтың үлкен өмір жолына қанат қағуына мұрындық болатын мұғалімдердің еңбектері ескерусіз қалмасы да айқын. Осыған орай, қала әкімі бірқатар алтын ұяның директорларын құрметпен зейнетке шығарып салды.

– Сіздер өз мамандығының майталманы, Ұстаз деген ұлы атқа кір келтірмей, қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметтеріңізді абыроймен атқардыңыздар. Сіздер тек білім беру ісімен ғана емес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына да өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Біздің ұйымдастыруымыздағы қандай шара өтпесін негізгі қолдаушысы да, қозғаушы күші де өздеріңіз,- деді қала басшысы Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ, қала әкімі бірнеше жыл қаланың алдыңғы қатарлы білім ордаларын басқарып, тек аймағымыздың емес, жалпы еліміздің білім саласын дамытуға елеулі үлес қосқан мектеп басшылары Әбсаттар Әбдіғапбарұлы, Берік Қалыбайұлы, Алтын Болатқызы, Ләйлә Ақбергенқызы, Күміскүл Дүйсенқызы, Ұлболсын Ыбырайханқызына құрмет грамотасын табыстады.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: