Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Келесі оқу жылы қашан басталады?

28.04.2020, 10:05 1072

HALYQLINE.KZ –|  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталатынын, алайда оқу қандай форматты болатыны нақты белгісіз екенін мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Бұл жөнінде министр Instagram желісіндегі тікелей эфир барысында сөз етті. Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта оқушыларды дәстүрлі және қашықтан оқытуға байланысты бірнеше жоспар дайындалып жатыр.

«Келесі оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады. Бірақ қандай форматта болатынын әзірге ешкім айта алмайды. Пандемияның екінші толқыны бола ма, болмай ма белгісіз. Сол себепті біз бірнеше жоспар әзірлеп жатырмыз», – деді ол.

Білім және ғылым министрі жаңа оқу жылы қашықтан оқытудан басталған жағдайда, тиісті дайындық қажет екенін жасырған жоқ. «Қашықтан оқытуға көштік. Алайда ашығын айтқанда, біз ойлағандай болған жоқ. Қазір бізде уақыт бар. Оқушылар қашықтан оқи ма, оқымай ма, бәрібір білім жүйесі өзгеруі тиіс. Түрлі жағдайға дайын болуымыз керек», – деді Аймағамбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: