Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім жүйесі біліксіз кадрлардан тазартылуы тиіс

06.09.2020, 10:00 385

HALYQLINE.KZ Мұғалімдер айлығын көтеруді өзіміз де талай мақалада көтердік. Дегенмен жалақы ғана емес, жауапкершілік пен талап та күшейтілуі керек. Шынымды айтсам, қарапайым коменттің өзін сауатсыз жазатын педагогтарды өте жиі байқаймын.

Айтпақшы, бір рет әлдебір мектептің мұғалімі проблемасын жазып жіберіпті. Үш беттік арызды оқып, оқушыларын аяп кеттім. Өйткені ол қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін еді.

Сосын мектептерге мұғалім қабылдау конкурсын тезірек енгізу керек, алайда одан бұрын білім жүйесі біліксіз кадрлардан тазартылуы тиіс. Бұл орындалмаса, бәрі далбаса, ақшаны ауаға шашқанмен тең. 

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

alashainasy.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: