Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Білім және ғылым министрлігін бөлу керек»

17.05.2020, 16:10 481

HALYQLINE.KZ Білім және ғылым министрлігін бөлу керек деп ойлаймын. Қоғам арасында баяғыдан айтылып жүрген ұсыныс негізі. Екеуі ұқсас ұғым болғанымен, мүлде бөлек сала деп санаймын. Бізде жыл сайын «дәл осы министрлік не істеді?» дегенде мектеп пен ЖОО қатысты реформа, ҰБТ, грант мәселесі, кітаптағы қателіктер, мектеп оқулықтары жайлы айтылып жатады. Бұл бірінші сөз, яғни білімге қатысты. Ал, ғылым қалай болып жатыр? Ол жағы көпті қызықтырған емес.

Білім министрі болып Асхат мырза қала бергені дұрыс-ау. Мұғалімдер мен оқытушылардың мақтауына ие болған алғашқы білім министрі осы кісі-ау. Демек жұмыс істеуі жақсы.

Ал Ғылым министрлігі құрылса, онда ол орынға Асқар Жұмаділдаев ағамыз әбден лайық. Билікке қызықпайды, ғылымды жаны сүйеді, артық сөзден нақты істі ұнатады, өзіндік көзқарасы бар, жаны қазақ, тікмінез. Өзі «Парасат майданында» айтқандай, жапонның сөзі мен ісінің арасы бір сантиметр, ал қазақтың сөзі мен ісінің арасы мыңдаған шақырым дегендей, сол қазақ ғылымындағы алшақтықты жақындата алатын адам бар болса, ол – осы кісі. Асқар ағамыз қазақ жастарының арасынан Илондарды көре алатын қасиетке ие сияқты. Құрметке лайық тұлға. Бірақ бір «бірақ» бар. Бұл кісі лауазым, билік дегенге қызықпайды-ау.

Асхат Қасенғалидың ФБ парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: