Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әуезов сыйлығының иегері Қызылордада тұрады

28.12.2020, 17:30 665

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жыл сайын ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындайды. Аталмыш мемлекеттік ғылыми стипендиялар мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге; ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қоса алғанда отыз бес жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №542 бұйрығына сәйкес гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік еңбегі үшін М.О.Әуезов атындағы сыйлық философия магистрі, Қызылорда «Болашақ» университетінің жалпы білім беру және құқық кафедрасының аға оқытушысы Паридинова Ботагөз Жаппарқызына «Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымы» атты жұмысына берілді.

Паридинова Ботагөз Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің PhD докторантурасын бітірген. Жүзден астам ғылыми еңбектің авторы. Скопус базасы бойынша Хирш индексі 2-ге тең. Ол сондай-ақ осы уақытқа дейін талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның және «Жылдың жас ғалымы-2018» номинациясы бойынша ғылым мен білімдегі жоғары жетістіктердің ІІІ халықаралық «Признание» байқауының І орын иегері атанған. Ресейлік «Молодой ученый» журналының редакциялық алқа мүшесі. Жас ғалымның М.О.Әуезов атындағы атаулы сыйлықты иеленуі тек Қызылорда «Болашақ» университетінің жетістігі ғана емес, бұл – бүкіл өңірдің жас ғалымдарының жетістігі.

Қызылорда «Болашақ» университеті

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: