Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

9, 11-сыныптар аралас оқу форматына көшеді

28.12.2020, 17:00 738

HALYQLINE.KZ Елімізде 9, 11-сыныптар үшінші тоқсаннан бастап аралас оқу форматына көшеді. Яғни, оқушылар пәндердің 70 пайызын дәстүрлі форматта, 30-ы қашықтан оқиды.

Бүгінде облыс бойынша 9-сыныпта 13252 бала, ал 11-сыныпта 7004 оқушы білім алуда. Олар негізгі пәндерді, қорытынды емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі міндетті компонентті пәндерді оқитын болады.

– Үшінші тоқсанда 9, 11-сынып оқушылары санитарлық талаптарды сақтай отырып аралас форматта оқитын болады. Сондай-ақ, ата-аналардың өтінішіне сәйкес 1-5-сынып 2296 кезекші топта – 34398 оқушы дәстүрлі білім алады. Мұнан өзге, оқушылардың қашықтан оқу барысында игерілуі қажет бағдарламалардың кейбір олқылықтарының орнын толтыру үшін 5 адамнан аспайтын топтарда консультациялар ұйымдастырылады, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: