«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

4-курс студенттері міндетті түрде диплом қорғайды

28.04.2020, 9:41 273 0

HALYQLINE.KZ –|  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі тікелей эфир барысында білім саласына қатысты жаңа өзгерістер туралы айтты.

– ЖОО-ға түскісі келетін түлектің бәрі ҰБТ тапсыруы керек. Үш жыл бұрын аттестат алу үшін және ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырған. Ал қазір ҰБТ тек ЖОО-ға түсу үшін тапсырылады. Кейбір мамандыққа түсу үшін ҰБТ-дан бөлек шығармашылық емтихан тапсыру керек болады. Бұған қатысты көп мәселе болмайды, ЖОО-ның бәріне ескертілді. Білім және ғылым министрлігі біз үшін шешім қабылдауы керек деп ойлайтындар бар. 1, 2, 3-курс студенттерінің сессиясына қатысты әр ЖОО өзі шешім қабылдауы керек. ЖОО-ның бірі сессияны жазда өткіземіз деп шешсе, енді бірі ағымдағы баға қорытындысы негізге алынады деп шешті. Ал 4-курс студенттері кешенді емтихан тапсырып, дипломдарын міндетті түрде қорғайды. Қашықтықтан оқу жүйесіне көшуіміз білім грантының көбеюіне әсер етпейді. Колледждерде білім грантын көбейту туралы жоспарымыз бар, себебі жыл сайын арнайы білім беру саласын көбірек қамтимыз, – дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: