Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

3 студент үздік атанды

28.11.2020, 9:00 493

HALYQLINE.KZ  «Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауына қатысқан 5 мыңға жуық студенттердің арасынан Сыр елінің 3 үздік студенті жеңімпаз атанды. Білім беру саласындағы ерекше жобаның республикалық кезеңінде онлайн дауыс беру кезеңіне облыстан 8 колледжден 17 студент қатысып, нәтижесінде 3 курс студент «ҚР колледждерінің ТОП-100» студентінің қатарына енді.

Жеңімпаздарды облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова арнайы төсбелгімен марапаттап, құрмет көрсетті.

– Қай кезде де үздік атану үшін бәсекелестік танытып, жоғары нәтиже көрсету керек. Қазақстанның ең үздік 100 студенті қатарына аймақтың атынан ену сіздерге ерекше стимул береді деп сенемін, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Сонымен, Сыр елінің абыройын арттырып, жеңіс тұғырынан көрінген Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің «Хореография өнері» мамандығының студенті Нағима Төлепбергенова, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттері Айзат Сламбекова және Бекзат Ешмұратов үздік студент атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: